Super User

Super User

Нұрсұлтан Назарбаев қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауын қорытындылады. Нәтижесінде 80 студент аталмыш шәкірақыны иеленіп отыр. Озық студенттер қатарында Дулати  университетінің төрт студенті бар.

«Сән дизайны» БББ 4-курс студенті Шырайлым Бектұрғанова, «Жалпы биология» БББ 3-курс студенті Захра Байрамова, «Архитектура» БББ 5-курс студенті Люфт Даниил және «Қолданбалы математика және статистика» БББ 4-курс студенті Назгүл Мамыралы Қордың стипендиалық бағдарламасының жүлдегері атанып, жыл бойына шәкіртақы алады.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының негізгі мақсаты -  белсенді, дарынды жастарды анықтау және талапты жастардың  ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарын қолдап, көтермелеу.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен жалпы  299 студент қатысты. Жеңімпаз студенттерді марапаттау салтанаты желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.

Бұл төрт студент те өз мамандықтары бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп, мақала жазып, көптеген конференцияларға қатысып жетістікке жеткен жастар.

Шырайлым Бектұрғанова «Былғарыдан жасалған кәдесый өнімдерін дайындау», «Заманауи дайындау технологияларын пайдалана отырып кәдесый өнімдерін жасау», «Былғарыдан жасалған кәдесый өнімдерін дайындау» тақырыбында баяндама, мақала жазып жариялаған.  «Жас ғалым» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына,  «Тараз-Қолөнершілер қаласы» Халықаралық қолөнершілер көрмесі аясында «Көне Тараз» атты жас қолөнершілер байқауына, «ART FASHION» халықаралық костюм дизайнының байқауына қатысып жүлделі орындарды иеленді.

Захра Байрамова «Жамбыл облысы флоралық өңірліктерінде кездесетін medicago түрлерінің  идентификациясы мен тіршілік формасы», «Экологияны сақтай отырып, табиғи Косметологияның заманауи трендтері», "Жамбыл облысы флорасы мен биокорлары» тақырыбында ғылыми мақалалардың авторы.  «Жылдың үздік студенті» атты халыкаралық байқауының  жеңімпазы.

Люфт Даниил «Сәулеттегі окулустың эволюциясы», Инженерлік кестеде «AutoCAD» және «Компас» графикалық бағдарламаларын пайдалану, «Сызу геометриясы», «Қолданыстағы қалалық ортада желілер мен коммуникацияларды орналастыру проблемасы» тақырыбы бойынша ғылыми мақалар жазып, баяндама жасаған. Сондай-ақ, Даниил спортты серік еткен студент. Қол күресінен жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленді.

Назгүл Мамыралы «Экцентриситетке тәуелді графтың метрикалық сипаттамаларын бағалаудың жалпы әдісі», «Комплекс сандарға амалдар қолдану және оларды  Maple жүйесінде зерттеу» тақырыбында ғылыми мақалала жазып, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Жұмыстары жоғары бағаланып, сертификат, дипломдармен марапатталды.

Ғылым жолы – қиын жол. Әйтсе де қызыққа, жаңалыққа толы. Бір биікке жетсең, алдыңда тағы бір шың тұрады. Солайша, биікке жетелейді. Дулати жастары ғылым жолында өз биігін бағындырып жүр. Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз! Дулати ұжымы өздеріңізді мақтан тұтады!

2023 жылғы 10 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында дәріс өтті.

10 ноября 2023 года на военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати со студентами  прошла лекция на тему «Терроризм и экстремизм в Средней Азии и Казахстане».

2023 жылғы 9 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы подполковник С.Ж. Әуелбековпен «Сыбайлас жемқорлыққа, қарсы күрес» және «Алкоголизм, нашақорлық және құмар ойындар» тақырыбында қызметкерлер мен студенттерге профилактикалық іс-шара өткізілді.

9 ноября 2023 года на военной кафедре Таразского регионального  университета имени М.Х. Дулати с начальником отдела по противодействию коррупции Управления военной полиции Таразского регионального гарнизона подполковником Ауельбеков С.Ж. проведено профилактическое мероприятие с сотрудниками и студентами на тему: «Борьба с коррупцией, алкоголизмом наркоманией и игроманией».

2023 жылдың 10 қарашасында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара екі бағыт бойынша жүргізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл»  және «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл».

Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али,  полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович және де «6В07511-Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», «6В07116-Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «6В07211-Инновациялық текстиль»,  «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.

А.ж. қазан айының басында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында университеттің комплаенс қызметі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша өкілі А.Әжібаевтың қатысуымен ЖОО-ның активист студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында А.Әжібаев жобаның мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ мүдделі азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, кәсіпкерлік субъектілері мен квазимемлекеттік секторларды және басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту жоспарлары туралы айтты.

Волонтер болғысы келетін кез келген студент университеттің комплаенс қызметіне хабарласа алады немесе Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, 40 мекенжайы бойынша келіп тіркеле алады немесе толтырылған өтінішті бөлімнің электронды поштасына жібере алады taraz @аnticor.gov.kz.

Қанша тіл білсең сонша ілім білесің, сол халықтың мәдениетімен етене таныс боласың. Ал өзге елдерге барып ілім үйрену бүгінгі жастар, мамандар үшін асқақ арман емес. Ізденіс үстінде жүрген мамандарымыз білім көкжиегін кеңейтіп, тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп жүр. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдар да университетімізге келіп, студенттер мен оқытушыларға дәріс беруде. Солардың бірі - Индонезияның Султан Сариф Касим атындағы мемлекеттік ислам университетінің ғалымы  «Білім берудегі көшбасшылық» саласының PhD докторы Райхани.  Ол Австралияның Мельбурн университетінде білім беру саласының магистр және PhD дәрежесін алған. Профессор  исламдық білім беру және көпмәдениетті білім беру саласында WoS және Scopus-та индекстелген мақалалардың авторы.

Доктор Райхани Дулати университетіне келіп сабақ өте бастағанына көп болған жоқ. Десе де ғалымның лекциясына қатысып, ғылыми бағытымен танысқысы келетін студенттер қатары қалың. Индонезиялық ғалым бір ай бойы студенттерге дәріс оқып, семинар, шеберлік-сағатын өткізбекші. Магистранттар мен докторанттарға кеңес береді, оқытушылардың жазған еңбектеріне рецензия жазады, университетіміздің оқытушыларымен бірлескен  мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

Ғалым көпмәдениеттілік білім, дін бағыты бойынша зерттеу жүргізеді. Еліміздегі дін мәселесі төңірегінде ахуалды зерттеп, діни білім алу саласына үңілуді көздейді. Университетіміздің ғалымдарымен осы бағытта бірлесіп жұмыс істемекші. Дулати университеті мен Султан Сариф Касим университеті өзара коллоборация негізінде ортақ жобаны іске асыруды көздеп отыр. Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Болатбекқызымен бірлесіп көптілділік бағыты бойынша жоба жұмысын қолға алуды жоспарлап отыр.  – Педагогикада кәпмәдениеттілік ұғымы бар.   Көптілділік пен көпмәдениеттілік қатар жүреді. Көпмәдениеттілік деген географиялық кеңістікте әр түрлі мәдениеттің қатар өмір сүруін айтамыз. Көпмәдениеттілікке төзімділік, инклюзия тән. Адам тіл үйренген сайын сол елдің мәдениетін қабылдауға дайын болу керек. Яғни, ортада әр ұлттың мәдениетіне сыйластық пен құрмет көрсете алған жөн. Түпкі мақсаты – өзара қақтығыстарды болдырмау. Бұл көбіне шет мемлекеттерге тән жағдай. Эмигранттар мәселесі жиі көтерілетін елдерге жақсы таныс,-дейді Гүлнұр Болатбекқызы.

Доктор Райханимен көптілділік бағыты бойынша жоба жұмысын қолға алып,  еліміздегі мектептерде зерттеу жүргізуді көздеп отыр. Мәселен, елімізде қазақ, орыс, өзбек және аралас тілде білім беретін мектептер бар. Өзге ұлт  балалары көбіне қай тілді таңдайды? Пайыз көрсеткіші қандай? Ол мектептерде тіл мәселесі қаншалықты күрделі? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін жоба аясында жан-жақты зерттеу жұмысын ұйымдастырмақшы. Түпкі мақсат, қазақ тілінің кең қолданысқа түсе алмауының себеп-салдарын анықтау.

Шетелдік ғалым студенттердің қызығушылығы жоғары екенін айтады. – Студенттер өте белсенді. Өткен тақырыпты тез түсініп алады. Кері байланысқа түсіп, ойларын айтады. Көбіне Индонезияның тарихы, мәдениеті, білім беру саласындағы ерекшеліктер қызықтырады,- дейді доктор Райхани.

Дулати университетіне жылда шетелден білікті мамандар, ғалымдар келіп, студенттерімізге дәріс береді. Академиялық ұтқырлық аясында студенттердің шетелде оқып, ғалымдар тәжірибе алмасуы білім, ғылым саласының үлкен жетістігі. Жастардың білім деңгейін жоғарылатып, білікті кадр, қажетті маман даярлап шығу үшін университет ауқымды жұмыстарды әрмен қарай қарқынды жалғастыра береді.

WhatsApp Image 2023 11 08 at 14.05.08

47 бет. Барлығы: 454
Top Диктор режимі