Super User

Super User

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 08:25

ВИДЕОРОЛИКТЕР

ПАРА ТАЛАП ЕТКЕН НЕМЕСЕ ПАРА БЕРУГЕ АЗҒЫРҒАН ЖАҒДАЙДА ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАЖЕТ...?
- Өзіңізді барынша сабырлы ұстап, сыпайы болып, ол азаматты ұстап беру немесе пара беруден бас тарту сияқты дөрекі сөйлемеңіз;
- Әңгімешіні ілтипатпен тыңдап, Сіздің алдыңызда қойылған және қажеттілігіңіздің қанағаттануына мүмкіндік беретін шарттарды есіңізге анық сақтап алыңыз (соманың көлемі, тауардың атауы, жұмыс пен қызметтің сипаты, кездесудің уақыты мен жері және т.б.);
- Пара беру уақытысы мен орны туралы мәселені мүмкіндігінше басқа уақытта келісуге болмаған жағдайда келесі кездесуді өзіңізге ыңғайлы орын мен уақытты белгілеуге тырысыңыз;
- пара берген жағдайда мәселені толықтай шешетіні туралы тағы да нақтылап сұраңыз;
- Әңгіме барысында тыңдай білу қажет. Пара алуға ниеттенген азаматтан барынша көбірек ақпарат алуға тырысыңыз;
Содан кейін, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы құқық қорғау органдарына келесідей тәртіппен хабарлаңыз:
Қазақстан Республикасының барлық аумағында 1494 ақысыз желісі бойынша қоңырау шалу немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жасау Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жүгініп арыз жазу;
Департаменттің –Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайына;
Агенттіктің – www.anticorruption.gov.kz ресми-сайтына хабарлама жіберу;
Сыбайлас жемқорылыққа қарсы қызмет Департаменті басшылығының қабылдауына жазылу қажет.

 

ПАРА БОПСАЛАУ ФАКТІСІ ОРЫН АЛҒАННАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Сізде әрекет етудің екі нұсқасы бар:
Бірінші – қылмыс жасаудан бас тартатыныңызды білдіре отырып, пара талап етушімен байланысты тоқтату және өз өтінішіңіздің орындалмауымен, сондай-ақ пара талап етушінің өз қызметінде ары қарай өзгелерден пара бопсалауына, алуына және өзінің айналасын сыбайластармен қылмыс тық әрекеттерді жалғастырумен көну;
Екінші – әрбір нақты жағдайда індеттің алдын алуға болатынына сенім білдіре отырып, азамат кез-келген жағдайда өзінің ар-намысын қорғай отырып, қылмыстың жолына түспей, жемқорлардың жолын кесу.

 

СІЗГЕ КЕЛЕСІДЕЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ КЕРЕК:
Орын алған жемқорлық фактісі бойынша немесе пара талап еткен жағдайда құқық қорғау органының басшылығына қабылдауына келу.
Сізден пара талап еткені немесе заңсыз коммерциялық ұсыныс туралы арыз жазып, келесідей міндетті мәліметтерді атап өту қажет:
•Жемқорлық жағдайында пара талап еткен азамат (аты-жөні, әкесінің аты, қызметі, мекеме атауы) немесе Сізді пара алуға итермелеген коммерциялық құрылым өкілі туралы мәлімет;
•Пара сомасы мен түрі (ақшалай, заттай немесе өзге де) туралы мәлімет;
•Нақты қандай іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік бойынша пара талап еткені туралы мәлімет;
•Пара нақты қай уақытта, қай жерде және қандай жағдайда берілетіні туралы мәлімет.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) - пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50 еседен 80 есеге дейінгі сома мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара беру (ҚР ҚК 367-бабы) – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еседен 50 есеге дейінгі сома мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Парақорлыққа делдал болу (ҚР ҚК 368-бабы) – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 10 еседен 20 егесе дейінгі сома мөлшерінде айыппұл салуға не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН НЕМЕСЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖОЛМЕН ЖӘРДЕМДЕСКЕН АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 АЕК;
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.

Егер Сіз қорқытып ақша, пара алу немесе басқа да сыбайлыс жемқорлық әрекеттеріне тап болсаңыз тез арада «Сенім телефонына» хабарлауыңызды өтінеміз:
М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ ректоры 45-36-64
Жамбыл облысының прокуратурасы 45-45-08
Жамбыл облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) 144
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы 43-54-92

taza sessiya

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 06:38

БАЙЛАНЫС

Жасғалымдар кеңесінің төрағасы – Молдамуратов Жангазы Нуржанович

Жұмыс тел.: 8 (726) 250-14-65

Ұялы тел: +7771 412 8156

e-mailБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 06:38

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Молдамұратов Ж.Н. төраға, «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі, РhD, доцент м.а.;

Абильдаев А.А. хатшы, «Механика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Манапбаев Б.Ж. «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент;

Абзалбекұлы Б. «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының доценті м.а., РhD;

Шевцов А.Н. «Математика» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;

Бекенова А.Б. «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасының доценті м.а., з.ғ.к.;

Иманбекова У.Н. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті м.а., РhD;

Абдешев К.Б. «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценті м.а., РhD;

Жоламанов Н.Ж. 6D074400 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар мамандығының 1-курс докторанты;

Атенов Е.И. 6D074400 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар мамандығының 2-курс докторанты;

Кабдушев А.А. «Мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Сарымбетов Е.А. «Мемлекеттік және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Тобаджанов Р.Т. «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Шаншабаев Н.А. 6D074400 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар мамандығының 1-курс докторанты;

Қалмаханова М.С. 6D060600- Химия мамандығының 3-курс докторанты;

Мамешова С.А. 6D060600- Химия мамандығының 2-курс докторанты;

Мурзахметов А.Н. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Игликов А.Н. «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистр

                                                                                              

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

                                                                                               

р/с

Іс-шараның атауы

Орындалу түрі

Жауапты

Өтетін орны, уақыты

Орындау туралы белгі

Орындаушының қолы

1

2018-2019 оқу жылына арналған Жас ғалымдар кеңесінің жұмыс жоспарын қарастыру, бекіту

жоспар

кеңес мүшелері

ТарМУ

Қыркүйек, 2018

2

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін талантты жас ғалымдарға арналған жыл сайынғы мемлекеттік стипендиялар конкурсына жас ғалымдардың қатысуын ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

Қыркүйек, 2018

3

Университет жас ғалымдары және магистрант, докторанттарына арналған семинар-тренинг ұйымдастыру

(Жас ғалымдар кеңесінің жұмысымен таныстыру)

Семинар-тренинг, кездесу

кеңес мүшелері

ТарМУ

Қазан, 2018

4

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өтетін «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ» конкурсына қатысу

конкурс

кеңес мүшелері

Қазан-Қараша, 2018

5

ҚР ЖОО-ң үздік оқытушысы-2019 конкурсына қатысу

конкурс

кеңес мүшелері

Қазан-Қараша, 2018

6

Жамбыл облысы Жастар саясаты басқармасымен бірге жас ғалымдарға арналған инновациялық идеялар конкурсын ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

Қараша-Желтоқсан, 2018

7

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен өтетін 2019-2021 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар конкурсына жобалар дайындауды ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

2018-2019 оқу жылында

8

WEB OF SCIENCE, SCOPUS, SCIENCEDIRECT және басқа да рейтингісі жоғары АБ баспаларында мақала жариялау бойынша семинар тренингтер өткізу

семинар

кеңес мүшелері

ТарМУ

2018-2019 оқу жылында

9

Университет жас ғалымдары арасында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА» конкурсын ұйымдастыру және үздік мақалаларды «Theoretical & Applied Science» журналына жариялау

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

2018-2019 оқу жылында

10

Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор КҚ-мен бірлесе отырып, мектеп оқушылары арасында «ЖАС ДАРЫН» ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

Наурыз-сәуір, 2019

11

Басқа отандық және шетелдік жас ғалымдар кеңесімен байланыстар орнату, онлайн видео конференциялар ұйымдастыру

онлайн-видео конференция

кеңес мүшелері

2018-2019 оқу жылында

12

Университет магистранттары мен докторанттары арасында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» конкурсын ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

Наурыз-сәуір, 2019

13

«ДАРЫН» жастар мемлекеттік сыйлығы конкурсына қатысуды ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

Наурыз-маусым, 2019

14

Облыс және республика көлемінде өткізілетін STARTUP ғылыми жобалар конкурстарына жобалар дайындауды ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

2018-2019 оқу жылында

15

Еліміздегі қоғамдық-саяси мәселелерді жастар арасында түсіндіру бойынша конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу

Семинар, дөңгелек үстел

кеңес мүшелері

2018-2019 оқу жылында

16

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша университет жас ғалымдары арасында оқу жылының үздік жас ғалымы конкурсын ұйымдастыру

конкурс

кеңес мүшелері

ТарМУ

Маусым

2019

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 06:34

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

АБДРАМАНОВА НАЗИРА КАЙЫПБЕКҚЫЗЫ

Дулати университеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Заң ғылымдарының магистрі

Байланыс телефондары: 8 700 006 99 22

Мекен жайы: Толе би көшесі 60, ауд. 2.5.411

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қызмет бағыты

Кеңес мақсаттары

  • Жас ғалымдарды ғылым мен техниканың дамуы проблемаларын шешуге тарту;
  • Университет ғылымиәлеуетінің дамуы;
  • Жас ғалымдар мәселелерін шешуді тиімділігін жоғарылату;
  • Жас ғалымдар мәселелерін шешуге жастарды тарту.

Міндеттері

  • Университет жас ғалымдарының кәсіби өсуіне, жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуларына қолдау көрсету;
  • Ғылыми кеңесте және ұйымды басқаруда, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда жас ғалымдардың құқығын қорғау, кәсіби қызметтің әртүрлі аспектілері мен өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы бойынша жас ғалымдардың пікірін айту;
  • Өзекті ғылыми мәселелер мен келешекті ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күшін біріктіру;
  • Арнайы әзірленген іс-шаралар жүйесі арқылы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру;
  • Жас ғалымдардың зерттеу жобаларына, ғылыми гранттарға, байқауларға, бағдарламаларға, тағылымдамаларға қатысу түрлерін жетілдіру;
  • Басқа да ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының Жас ғалымдар кеңесімен байланыс желісін қалыптастыру және кеңейту.
402 бет. Барлығы: 454
Top