Сайттың жаңа нұсқасы

Super User

Super User

2131

Әр мерекенің тарихи сипаты мен рухани қуаты болатыны мәлім. Тарихы мен тағлымы терең, рухани қуаты мығым мерекелердің қатарына Республика күні жататыны айдан анық. Он үш жыл бұрын тойланып, қазіргі таңда жұрттың жадынан өшіп, есімізден шыға бастаған мәртебелі мерекеміздің ортамызға қайта оралуы кім-кімді де қуантқаны сөзсіз.

Республика күнінің Ұлы Тәуелсіздік мерекемізбен бірдей аталатыны оның тарихи салмағын танытса керек. Өйткені 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, тарих сахнасына Қазақстан атты егемен елдің шаңырағы көтеріліп, өзге елдермен терезесі тең өмір сүре бастады. Осы күннен бастап кез-келген қазақстандық өз жерінде, өз елінде еркін өмір сүруге, елінің болашағы үшін қажыр-қайратын аямастан адал қызмет етуге мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда тәуелсіздіктің отыз бір жылы артта қалды. Қандай биікті бағындырдық, қандай жетістікке қол жеткіздік деген келелі мәселеге келешек ұрпақ өз бағасын бере жатар. Ең бастысы тәуелсіздіктің туын мығым ұстап, келешектің көкжиегіне батыл қадам жасап келеміз.

Еліміздегі білім мен ғылым кеңістігінде қазақстандықтар әлемдік биік деңгейдегі оқу орындарымен иық тіресе жұмыс істеп, небір озық технологияларды меңгеруде. Жыл сайын еңбек нарығына қосылып жатқан жас мамандар білім ордасында алған білімдерін нақты тәжірибеде қолданып, ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Демек, құрметті әріптестер, біздің маман даярлаудағы қажырлы еңбегіміз республикамыздың ірге тасының бекуіне және оның тәуелсіз ғұмырының баянды болуына ықпал ететін бірден-бір көрсеткіш деп білемін.

Мемлекет жетістігі мұнымен шектелмесі анық. Қаншама ілкімді істер атқарылғанымен, алда одан он есе көп бастамалар күтіп тұрары сөзсіз. Өйткені қоғамдық даму бір орнында тұрмайды. Ол үнемі даму үстінде болуы тиіс.  Сондықтан елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дейтін болсақ, онда кез-келген Қазақстан азаматы ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, білімде де, ғылымда да, еңбек орынында да аянбай тер төгуі тиіс.

Құрметті әріптестер, студент жастар, жалпы қазақстандықтар! Сіздерді осындай айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақыт пен береке, шаттық пен қуаныш тілеймін. Әр үйдің табалдырығын аттаған тәуелсіздік шуағы кемел келешектік жаршысы болсын деп тілеймін. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар!

Құрметпен, Дулати университетінің академиялық қызметі
бойынша проректоры, ректордың міндетін атқарушы
Гүлвира Мұсабекова

2022 жылы 14 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасында  запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубына кірудің кезекті мәжілісін өткізді.

«Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан сайланған екінші курс студенттері салтанатты түрде қабылданды.

Жаңадан сайланған студенттер 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шараларды өткізу жоспарымен.

На военной кафедре Таразского регионального университета имени  М.Х. Дулати, 14 октября  2022 года, полковник запаса Сагимбаев К.Ш. провел очередное заседание в вступление в военно-патриотический клуб «Болашақ сардар»

В торжественной обстановке были приняты вновь избранные студенты второго курса в ряды  военно-патриотического клуба «Болашақ сардар».

Избранные студенты ознакомлены с положением, уставом и с планом проведения мероприятий на 2022-2023 учебный год работу.

Қазір білім алып, өнер үйренемін деген жастарға көрсетілетін қолдау көп. Жас буынның жаңаны игеруге деген мүмкіндігі де шектеусіз. Содан да болар, бүгінгі буынды ешнәрсемен таңғалдыра алмайтын болдық. Ғалымдар ашқан жаңалықтар да, жаңа жасалған технологияның ерекшеліктері туралы ақпарат та ұзақ күттірмейді, бәрін көріп-біліп отыр. Олар мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерден де құлағдар. Десе де, оны іске асыру механизмін жетік біле бермейді. Жалпы саяси реформалардан кейінгі алдағы бағыт-бағдарды айқындаған Президент Жолдауында жүктелген міндеттер қалай жүзеге асырылатындығынан ғана бейхабар.

 Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесуге осы тақырыпты таңдауы да бекер емес. Өңір басшысы лекцияда Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған тапсырмалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

IMG 20221013 WA0021

 Жарты сағаттық дәріс студенттерді жалықтырған жоқ. Себебі, өңір басшысы дайын мәтінді оқып бермей, бір аймақтағы басқару және атқару жүйесіндегі талаптар мен міндеттерді бір отбасының мысалымен байланыстырып айтып берді. Осы тартымды шықты. Бір адамға керектінің, тұтас облыс тұрғындарына да қажет екенін, ал сол материалдық және моральдық, рухани сұраныстарды өтеу үшін жергілікті атқарушы органдар қандай қызмет атқаратынын әңгімелеп берді.

 Нұржан Молдиярұлы Жамбыл жерінің табиғи және географиялық артықшылықтарын атап өтті. Сан жылдық еңбек тәжірибесі қалыптасқан химия өндірісі мен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Әсіресе, Жолдауда айқындалған білім саласына қатысты бағдарламаларға кеңірек тоқталғанын айта кеткен жөн. Орта білім сатысындағы оң өзгерістер, жоғары білім беру жүйесіндегі жаңалықтар да назардан тыс қалған жоқ.

 – Біз де бала болдық, студент болдық. Мектепте сабақтан кейін спортпен шұғылданатынмын. Кейін Ленинград ауыл шаруашылығы институтында оқып жүргенімде сабақ арасында жұмыс істедім. Стипендиямыз 40 сом, 30-35 сом жалақы алатынмын. Әскерге барып келген соң, оқуымды жалғастырып жүріп, бір оқу корпусының коменданты болдым. Жастардың бойында күш-қуаты көп, оны елге, ата-анаңа пайдалы іске жұмсау керек. Күні ертең осы елдің егесі сіздер боласыздар. Елге қызмет етесіздер.Студенттер арасында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты жаңа жобалары, тың идеялары бар жастар болса, тыңдауға дайынмын, - деді Нұржан Молдиярұлы.

IMG 20221013 WA0019

 Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов лектор және тыңдаушы форматына өзгерісті өзі енгізді. Тұтас жүйе жұмысын оқиғаға негіздей отырып, қысқаша айтып өткен соң, студенттерге сұрақ-жауапқа көшуді ұсынды. Жастар облыс әкімінен мамандық таңдауда берер кеңесін, қазіргі қоғамдық формация, әлеуметтік желінің өмір сүру дағдысына әсері туралы көзқарасын сұрады. Білім алушылар арасында экономиканы тұрақтандыруда шетелдік инвесторларды тарту үшін қандай қадамдар жасалып жатқандығын білгісі келетіндер де бар екен.

IMG 20221013 WA0025

IMG 20221013 WA0020

IMG 20221013 WA0025

IMG 20221013 WA0023

Дулати университетінің медиа-қызметі

 

 

С 10 по 14 октября 2022 года на  военной кафедре  до студентов первого года обучения были доведены основные положения  Закона Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих».

Начальник цикла подполковник  запаса Наурызбаев Ж.П. ознакомил  слушателей с основными  положениями  воинской службы и статуса военнослужащих.

Целью данной лекции было доведение до студентов прав, обязанностей  и социального обеспечения военнослужащих.

2022 жылдың 10 мен 14 қазан аралығында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Бұл дәрістің мақсаты студенттерге әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттерін және әлеуметтік қамтамасыз етілуін жеткізу болды.

МИНИСТЕРСТВО НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РК ЗАПУСТИЛО КОНКУРС ЭССЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ

Министерство науки и высшего образования РК запустило Конкурс эссе на тему: «Казахстан моей мечты» в честь Дня Республики.

Конкурс продлится до 15 октября 2022 года и пройдет в два этапа и направлен на развитие гражданского самосознания молодежи, воспитания у нее чувства сопричастности к судьбе страны и ответственности за ее будущее.

К участию в Конкурсе приглашаются студенты, магистранты и молодежные общественные организации.

На конкурс эссе присылаются самостоятельно выполненные творческие работы, отражающие видение и ожидания автора относительно будущего Казахстана и своего участия в формировании этого будущего.

Эссе направляются на электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. до 15 октября 2022 года. Подробная информация по Конкурсу размещена на сайте высшего учебного заведения.

Конкурсная работа может быть выполнена на казахском, русском или английском языках.

Награждение участников первого этапа конкурса состоится на базе высших учебных заведений 19 октября 2022 года. Награждение участников второго этапа конкурса состоится в городе Астана.

Положение конкурса (скачать)

135 бет. Барлығы: 460
Top