М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет студенттерінің жазғы еңбек маусымын ұйымдастыру туралы
АНЫҚТАМА
«10» маусым 2020 ж.
Студент жастарды жұмысқа орналасу және адал еңбегімен қаражат табу негізінде университет тарапынан студенттер арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 2020 жылы жазғы еңбек маусымында Студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс істеуге өз еркілерімен 18-22 жас аралығындағы 105 студент (86 ұл бала, 19 қыз бала) ниет білдіріп отыр. Олардың ішінде, аз қамтылған, күн көріс деңгейі төмен, көп балалы отбасылардан 26 студент.
р/с |
Факультет |
Жұмыс жасауға ниет білдірген студенттер саны |
Аудандардан және алыс аймақтардан студенттер саны |
Оның ішінде жеңілдік алатын студенттер |
1. |
Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті |
70 (61 ұл, 9 қыз) |
16 |
14 |
2. |
Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультеті |
9 (8 ұл, 1қыз) |
- |
2 |
3. |
Заң факультеті |
9 (7 ұл, 2 қыз) |
3 |
4 |
4. |
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті |
8 (5 ұл, 3 қыз) |
6 |
3 |
5. |
Технологиялық факультеті |
5 (1 ұл, 4 қыз) |
1 |
2 |
6. |
Экономика және бизнес факультеті |
2 (2 ұл) |
- |
1 |
7. |
Мұнай, газ және механика факультеті |
2 (2 ұл) |
1 |
- |
БАРЛЫҒЫ: |
105 |
27 |
26 |
Былтырғы жылғы еңбек маусымымен салыстырғанда ниет білдірушілер саны 3 есе азайды (2019 жылы 335 студент ниет білдірген болатын).
Оның төмендігідей себептері бар:
- бүкіл әлемдік пандемия әсерінен ҚР төтенше жағдай жарияланып, студенттер қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша үйлерінде білім алуында.
- былтырғы еңбек маусымында кейбір мердігер компанияларда алдын ала бөлінген квотадан жұмыс орындары мен студенттерге төленген еңбек ақыларының аз болуы.
2019 жылы жазғы еңбек маусымында Студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс істеуге медициналық тексерудің қорытындысы бойынша 289 студент жұмысқа жарамды деп танылған. Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Дауылбаевтың қатысуымен өткізілген жиналыста университет студенттерін жұмыспен қамту үшін 13 мердігер компаниялардың құрылыс нысандарына арнайы квота бөлініп, олардың жалақы мөлшерлері 60000 теңге мөлшерінде болатындығы нақтыланған. Алайда, 289 студенттің тек 195 студенті ғана жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, кейбір мердігер компанияларда төленген жалақы 50000 теңгені құрады.
р/с |
Мердігер компаниялар |
Құрылыс нысандары |
Келісім бойынша бөлінген квота |
Нақты жұмысқа қабылданған студенттер |
Жалақы мөлшері |
1 |
«Агроспецстрой» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 8 тұрғын үйлердің құрылысы |
50 |
26 |
73000 |
2 |
«Андас групп» ЖШС |
Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылына 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы |
12 |
12 |
70000 |
3 |
«Құрылыс ТЭД» ЖШС |
Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 оқушыға бастауыш мектеп құрылысы |
8 |
8 |
70000 |
4 |
«Астана UP» ЖШС |
Байзақ ауданы Ақшолақ ауылында 120 оқушыға орта мектеп құрылысы |
15 |
19 |
70000 |
5 |
«Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС |
Тараз қаласындағы ақыл ойы кем балалар интернатына жапсарлас құрылысын салу құрылысы |
8 |
8 |
64000 |
6 |
«Таразстрой-2004» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 4 тұрғын үйлердің құрылысы |
35 |
35 |
60000 |
7 |
«Тур Ахмет и Компания» ЖШС |
Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салу құрылысы |
25 |
25 |
60000 |
8 |
«Султан Б» ЖШС |
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы Желтоқсан көшесінде №59 орналасқан №3 колледжінің спорттық залын, асханасының құрылысы |
5 |
3 |
50000 |
9 |
«Жамбылхимстройинженеринг» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 5 тұрғын үйлердің құрылысы |
30 |
9 |
50000 |
10 |
«Тараз-Ісмер» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы |
10 |
20 |
50000 |
11 |
«Бином» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты 2 тұрғын үйлердің құрылысы |
22 |
10 |
50000 |
12 |
«Barat & Co» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты 2 тұрғын үйлердің құрылысы |
15 |
10 |
50000 |
13 |
«Базис Дор Строй» ЖШС |
Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 60 пәтерлі көп қабатты 3 тұрғын үйлердің құрылысы |
15 |
10 |
50000 |
Жұмыссыз қалған 94 студентке Университеттің студенттік құрылыс жасақтарына жауапты тұлғалары құрылыс компаниялар арасында қосымша жұмыс орындарын іздестіру нәтижесінде 3 мердігер компания студенттерді қабылдауға ниет білдіріп, 27 студентті жұмыспен қамтамасыз етті. Атап айтсақ:
- «Жаңа Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз қаласында құрылыс бұйымдарын өндіру цехына 13 студент жұмысқа қабылданып, 60000 теңге көлемінде айлық еңбек ақыларын алды.
- «Techno Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз қаласындағы Сыпатай батыр көшесінің бойындағы жылу жүйесін өткізгіш құбырын қайта жөндеу жұмысын жүргізу құрылыс нысанына 4 студент жұмысқа қабылданып, 73000 теңге көлемінде айлық еңбек ақыларын алды.
- «Оң талап» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктгінің Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты 2 тұрғын үйлердің құрылыс нысандарына 11 студент жұмысқа қабылданып, 50000 теңге көлемінде айлық еңбек ақыларын алды.
Сонымен қатар, университет тарапынан ТарМУ жаңа жатақханасының құрылысына 10 студентті жұмыспен қамтамасыз етіп, 70000 теңге көлемінде айлық еңбек ақыларын төледі.
Жалпы Студенттік құрылыс жасақтарына жоғарыда аты аталған 17 мердігер компаниялардан 13 984 000 теңге берілді, орташа есеппен әр студенттің айлық жалақылары 60020 теңгені құрады. Ең жоғарғы көрсеткіш («Агроспецстрой» ЖШС – 73000 тг, ең төменгі («Жамбылхимстройинженеринг» ЖШС, «Бином» ЖШС, «Тараз-Ісмер» ЖШС, «Султан Б» ЖШС, «Barat & Co» ЖШС, «Базис Дор Строй» ЖШС) – 50 000 тг.
Нәтижесінде 57 студент жұмыспен қамтылмады.
Жазғы еңбек маусымында жыл сайын көптеген мәселелер орын алады. Атап айтсақ:
- студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс істеуге ниет білдірген студенттердің медициналық тексеруден уақытылы және тегін өткізілмеуі;
- жазғы еңбек маусымының ашылу және жабылу салтанаттары жоғары деңгейде өткізілмеуі;
- кейбір мердігер компанияларда алдын ала келісімге қарамастан құрылыс нысандарында жұмыс орындар болмауы, арнайы жұмыс киіммен қамтамасыз етілмеуі, студенттердің айлық еңбек жалақысының төмен болуы, ыстық тамақтануы мен алыс аймақтарда жататын орындарының болмауы;
- алыс аймақтарда студенттердің қауіпсіздігі;
- студенттік құрылыс жасақтарын насихаттау туралы жұмыстарының жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі.
ҰСЫНЫС:
- Жамбыл облысы әкімдігінің Деңсаулық сақтау басқармасы студенттердің медициналық тексеруден тегін және жеңілдетілген үлгіде өтуін қамтамасыз ету;
- Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасымен және құрылыс басқармасы өкілдері мердігер компания басшыларымен өткізілетін жиналыста құрылыс нысандарында жұмыс орындар саны, студенттердің айлық еңбек жалақысының 75-80 мың теңгеден кем болмауы, ыстық тамақ, жататын орындары мен арнайы жұмыс киіммен қамтамасыз етілуі нақты қарастырылып, хаттама шешіміне еңгізіліп, оның орындалуын қадағалау;
- Алыс аймақтарда жергілікті басқару және құқық қорғау органдары студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және демалыс уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыру;
- Алдағы уақытта студенттік құрылыс жасақтар жұмысының жобасына қаражат бөлу бойынша ұсыныстар енгізу және біріге, жұмылдыра студенттерді жазғы еңбек маусымдарына, алдын-ала үгіт-насихат форматтарында іс-шаралары ұйымдастырып, жастармен жалпылама емес, мақсатты топ-тобымен жұмыстар жүргізіп және нақты жүйеге келтіру;
- Жазғы еңбек маусымының ашылу және жабылу салтанаттары жастардың қоғамдық іс-шараларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жергілікті басқару органдар басшылығымен қоғам және өнер майталмандарының қатысуымен жоғары деңгейде өткізу;
- Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын насихаттау мақсатында университет деңгейінде ғана емес, облыс деңгейінде әр түрлі мақалалар мен бейне роликтердің жариялау.