ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмері: 50-05-59

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би 60

Факультет жайлы

Заманауи ақпараттық технологияларды, шет тілдерін жетік меңгерген, халықаралық, ұлттық және өңірлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Факультетті дамытудың стратегиялық бағыттары:

  • білім беру, ғылыми және инновациялық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • дәстүрлер сабақтастығын және сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларына икемді, бейімделгіш реакциясын қамтамасыз ету;
  • экономиканың нақты секторымен және азаматтық қоғам институттарымен сапаны, креативтілікті және инновацияны қолдау үшін серіктестікті дамыту;
  • барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерінің теңгеріміне негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау;
  • корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік принциптерін жүзеге асыруға қызметкерлер мен студенттерді белсенді тарту;
  • үдемелі тұрақты даму.
Деканат
ИСАБЕКОВА ГУЛНУР БОЛАТБЕКОВНА

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті деканы

Байланыс телефоны: 8(7262)-51-72-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ЖАМАНБАЕВА ӘСЕЛ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі деканның орынбасары

Филология магистрі

Байланыс телефоны: 8(7262)-51-72-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


АУГАНБАЕВА МАЯ АМИРЖАНОВНА

Тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары

Педагогика және психология магистрі

Байланыс телефоны: 8(7262)-51-72-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


МЫРЗАХМЕТ ГАЛИЯ КЕНЕСБАЙКЫЗЫ

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары

Тарих магистрі

Байланыс телефоны: 8(7262)-51-72-55

Ұялы телефоны: 8(771)472-04-10

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ. Сулейманов көш. 7, 50-05-59


ПІРӘЛІ НҰРИЛА ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

ЭЕМ операторы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Материалдық-техникалық базасы

Ауд. №

Аудитория атауы

Көлемі ш.м.

Орындар саны

2.6.113

Студенттік деканат

21 м2

15

2.6.227

Ресурс орталығы

36м2

22

2.6.219

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының компьютер классы

36м2

22

2.6.413

“Қазақстан тарихы” пәнінің мамандырылған кабинеті

36м2

24

2.6.312

Қапаш Тасболатұлы атындағы педагогикалық шеберлік кабинеті

42 м2

22

2.6.323

Латын графикасын оқытуға арналған оқу-әдістемелік кабинет

36м2

22

2.6.319

Журналистік шығармашылық шеберханасы

36м2

22

Факультет жетістігі

Құламанова Зиба Абдуллақызы - филология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің Құрметті профессоры.

  1. Қазақстан Республикасы, «Тіл жанашыры-2015» құрмет белгісі (2015).
  2. «Мұхаммед Хайдар Дулати. Үздік табыстары үшін» төсбелгісі (2015).
  3. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016).
  4. Мәскеу. ВДНХ 13-16 сәуір 2016 ж. Ресей жаратылыстану академиясы. ММСО III "Мәскеу халықаралық білім салоны-2016" (стенд АБ.31.03.) Диплом және алтын медаль.
  5. РЭА ғылымы мен білімінің еңбек сіңірген қайраткері (Ресей, 2016)
  6. ҚР-ның «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2017).
  7. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің 60 жылдығына арналған медаль иегері (2018).
  8. Жамбыл облысы әкімінің "Тіл жанашыры" байқауының "Тіл майталманы" номинациясы бойынша жеңімпазы (2020).

Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

  1. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған мерекелік төсбелгі иегері (2016).
  2. Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері (2017).
  3. Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2018).
  4. «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына отыз жыл толуына орай, мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолдану аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегі үшін ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты (2019).
  5. Жамбыл облысы әкімінің «Тіл-майталманы» номинациясының және сыйақысының жеңімпазы (2021).

Керимбаева Рысты Қалдыханқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Республикалық, облыстық гранттар – 4.

Халықаралық, республикалық байқауға даярлаған жеңімпаз студенттер мен магистранттар саны – 137.

Ғылыми мамандар даярлаған.

Серикбаев Ермекбай Койбекұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

  1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хаты» (2005).
  2. «Нұр-Отан» Жамбыл облыстық филиалының «Алғыс хаты» (2012).
  3. Жамбыл облыстық соты мен ҚР судьялар одағының «Алғыс хаты» (2017).
  4. «Дулат Баба» юбилейлік медалі (2020).
  5. «Мұхаммед Хайдар Дулати» төсбелгісі (2021).
  6. «Желтоқсан-86» 35 жылдығына төсбелгісі (2021)

Иманалиева Рахима Бейсембекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 

  1. Иманалиева Р.Б. Ағылшын тіліндегі негізгі нүкте атауларының қалыптасу жолдары //«Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық журналы, қаңтар, 2019 жыл.
  2. Иманалиева Р.Б. Орыс тіліндегі негізгі нүктелердің атаулары мәселесі туралы//Халықаралық «Высшая школа Казахстана» журналы, маусым (N3), 2019 жыл
  3. Иманалиева Р.Б., Замишева Г.А. ELT тілінде шығармашылық жазу дағдыларын дамыту//Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Жас мұғалім: білім берудің заманауи мәселелері. Қазақстан, Тараз, 6 желтоқсан, 2019 жыл.
  4. Иманалиева Р.Б. Ағылшын тіліндегі right «правый» - left «левый» оппозициялық мәселесі бойынша // «Қазақстанның жоғары мектебі» халықаралық журналы, (№3) қаңтар, 2020 ж.
  5. Иманалиева Р.Б. Ағылшын тіліндегі болжам семантикасы мен right «правый» - left «левый» оппозициясы бар паремиялар туралы мәселеге //Халықаралық «Поиск» журналы №3 (1) маусым, 2020.
  6. Иманалиева Р.Б. Түркі тілдеріндегі әлем тараптарының түс белгілері туралы мәселеге. («Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық журналының басылымында 2022 жыл бірінші тоқсан).

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы - М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты. Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері.

  1. Әр түрлі жетістіктері үшін 2011-ші жылы ҰР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының құрмет грамотасымен марапатталған.
  2. «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталған.
  3. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталған (2017).
  4. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2016-2017 оқу жылын кешенді бағалау қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» дипломымен марапатталды.
  5. Облыстық деңгейдегі бірнеше құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иегері.
  6. Білім саласындағы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
  7. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Шетелде тағылымдамадан өту

2024 жылғы 8 қаңтардан 28 қаңтарға дейінгі кезеңде Новожилова Марина Варфоломеевна Ресей Федерациясында тағылымдамадан өтті.

ЕурАзЭҚ ПАА жанындағы «Практикалық шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, доцент міндетін атқарушы Марина Варфоломеевна Новожилованың университетке алғашқы сапары ректордың тәрбие ісі жөніндегі көмекшісі Кристина Александровна Власюк ұйымдастырып, жүргізген танысу экскурсиясынан басталды.

Олар бірге Невский атындағы дизайн институтын, бизнес және коммуникация факультетін және автосервис факультетін барып көрді.

Осы кезеңде университеттің қарқынды жұмыс істеп жатқанын ескере отырып, біз «Пропедевтика» пәні бойынша скринингке, «Қоршаған ортаны жобалаудағы компьютерлік технологиялар» пәні бойынша дәрістерге, компьютерлік сыныптарға, мамандандырылған графика, дизайн, сызу және кескіндеме, автомобильге қызмет көрсету және т.б. кабинеттеріне бардық.

Сонымен қатар оқу залын, студенттерге арналған демалыс орындарын, заманауи тренажерлармен және спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған спорт залын көрдік.

Жалпы, университетте студенттердің білім алуына, ғылыммен айналысуына және әлеуметтік өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде осы университетте «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша екі студент Даниил Лащевский мен Прмагамбетов Данияр және «Әлеуметтік саладағы психология» білім беру бағдарламасы бойынша бір студент Эвелина Аносова білім алады. Өз кезегінде біздің университетте ЕурАзЭҚ ПАА-да «Әлеуметтік саладағы психология» білім беру бағдарламасы бойынша бір студент Марат Нұрметов оқиды.

Құдабаева Перизат Асанбайқызы - PhD, қауымдастырылған профессор, Әлем тілдері” кафедрасының меңгерушісі. “Болашақ” бағдарламасы аясында “500 ғалым” бағдарламасы бойынша 2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан арасында Польша Республикасы Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама бағдарламасының мақсатына сәйкес оқытушы аталған университеттің “Ағылшын филологиясы” білім беру бағдарламасының магистранттары мен “Лингвистика” білім беру бағдарламасы студенттерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру жұмысының жағдайы, тиімді жолдарын айқындау бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізіп, сауалнама, сұрақ-жауап, интервью, тест секілді , ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. “Ағылшын филологиясы” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, Құдабаева П.А. тағылымдама бағдарламасы талқыланды. PhD, профессор Александра Вахпен бірлесе отырып, ғылыми журналға мақала жазып, жариялады.

Түлектерімізбен мақтанамыз

Қалдыбек Айдана - Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі. 2017-2020 жж. 5В021000 – «Ағылшын филологиясы» білім бағдарламасының түлегі.

Қырбас Береке Құрманбайқызы – гид-аудармашы, ЖШС «Taraz Travel» аударма агенттігі. 2000-2003 жж. «Аударма ісі» білім бағдарламасының түлегі.

Жойқынбекова Алина - жер өңдеу агенті. 2020 ж.  - 5В021000 – «Ағылшын филологиясы» білім бағдарламасының түлегі.

Калиева Гаухар Искаковна - бірінші санатты психолог. 2004-2008 жж. 5В050300 - «Психология» білім бағдарламасының түлегі. Қалалық шығармашыл психологтар арасындағы байқаудың І орын жүлдегері.

Кунгабылова Меруерт Джилкелдиевна - Тараз қаласы №6 бөбекжай-бақшасы, ІІ санатты психолог маманы. 2004-2008 жж. 5В050300 – «Психология» білім бағдарламасының түлегі.

Мендуахас Айтолқын Бигелдіқызы - «Еуразиялық банк» АҚ №20 филиалының қаржылық кеңесші-психологы. 2020, 2021 жылдардың үздік қызметкері. 2015-2019 жж. 5В050300- «Психология» білім бағдарламасының түлегі.

Мырзахметова Айжан Әшірбекқызы - Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектептің педагог-психологы. 2005-2009 жж. 5В050300 - «Психология» білім бағдарламасының түлегі.

Тұрғынбекова Бағлан Әділбекқызы - 158/2 жалпы режим мекемесінің психологы. 2004-2008 жж. 5В050300 - «Психология» білім бағдарламасының түлегі.

Жалғасбай Шолпан Жахангирқызы - «Келешек-Тараз» ғылыми-интеллектуалдық мектеп-лицейі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары. 2015-2019 жж. 5В050300 - «Психология» білім бағдарламасының түлегі.

  1. Аудан әкімі О.Қаржауовтың «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ауданның саяси өміріне белсене атсалысып, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асырудан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға атсалысқаны үшін Алғыс хаты.
  2. «30 тамыз – Конституция күні» мемлекеттік мерекесіне орай жемісті еңбегі мен өзіне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарғаны және жоғары кәсіби біліктілігі үшін аудан әкімі Н.Ергебековтің Алғыс хаты.
  3. Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары арасындағы «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қосқан үлесі үшін «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының директоры Ф.Ш.Қуанғанов алғыс білдірді.

Шайхиева Жанель Сабыруллақызы – «ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы. 2006-2009 жж. 5В050300 – "Психология" білім бағдарламасының түлегі

  1. "Абай жолы – хақ жолы" атты Абай шығармаларын насихаттау байқауында белсенділік танытып, үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы М.Күлдіковтың Алғыс хатымен мараппатталды.
  2. №107 бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерді адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың Алғыс хатымен марапатталды.
  3. Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы елеулі жетістіктері үшін және 19 қазанда Төтенше жағдайлар қызметінің 25 жылдығына орай Тараз қаласының әкімі А.Қарабалаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Ерболат Саурықов – ф.ғ.д., профессор, ТХИИ ректоры. 1994 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» білім бағдарламасының түлегі.

Алмас Садубаев – Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы; 2005 жылы  «Журналистика» білім бағдарламасының түлегі.

Меруерт Көпбаева – Дулати университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы. 1997 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» білім бағдарламасының түлегі.

Маралтай Райымбекұлы – ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Филолгия: қазақ филологиясы» магистратураны аяқтаған.

Абдрасилов Ербол – ф.ғ.д., профессор, ҚР сенат баспасы директорының орынбасары; 1996 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» білім бағдарламасының түлегі.

Шынболат Күзекбаев – республикалық «Айқын» газетінің бөлім редакторы. 2006 жылғы «Журналистика» білім бағдарламасының түлегі.

Жасұлан Әбенов – Шу қаласы мәслихатының хатшысы. 2000 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының түлегі.

Майра Илес – «Түркістан» телеарнасында эфирлік маркетинг маманы. 2015 жылы «Журналистика» білім бағдарламасының түлегі.

Мархаббат Көпбосынова – 24 ТВ телеарнасының директоры. 2010 жылы «Журналистика» білім бағдарламасының түлегі.

Данияр Әлімқұл – жетінші арнаның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі. 2012 жылы «Журналистика» білім бағдарламасының түлегі.

Ускенбаева Жадыра - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас редактор-аудармашысы. 2008-2011 жж. «Аударма ісі» білім бағдарламасының түлегі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылымның дамуы және халықаралық деңгейдегі зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігі факультеттің басым стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Осы бағытта жұмыс жасай отырып, факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылық құрамының  жеке жұмыс жоспарларына сәйкес жасалады. Аталмыш жоспарда  оқытушылар Scopus және Web of Science базасына кіретін журналдармен шетелдік, халықаралық, республикалық және университеттің «Дулати Хабаршысы» басылымдарына ғылыми мақалаларын жариялауды, шетелдік, халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуды, студенттердің ғылыми жұмысына жетекшілік жасауды басты назарда  ұстайды.

«Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жағдайындағы CLIL саясаты: ақпараттық-коммуникациялық тәсіл» тақырыбында факультет деканы PhD - Г.Б.Исабекованың жетекшілігімен 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары аясында ғылыми-зерттеу жұмысын аяқтады. Аталған ғылыми жобаға бөлінген қаржы сомасы: 2021 жылы – 14 411 197 тг, 2022 жылы – 11 541 010 тг, 2023 жылы – 12 698 500 тг. Қатысушылар: «Әлем тілдері» кафедрасының PhD Кудабаева П.А., мен педагогика магистрі - Дүйсенова Н.Т., «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының -профессоры, ф.ғ.к. Абдрахман Г.К.

2022-2024 жж. арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Байжигит Ботагоз Сабитовна ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыруда. Тақырыбы: «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі абсурд поэтикасы» (тарихи-әдеби және әлеуметтік контекст). Гранттық қаржыландыру сомасы – 18 936 379,62 теңге.

Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2 ғылыми жоба қаржыландырылған. Биылғы оқу жылында факультет ғалымдары тарапынан 7 монография басылып шыққан. 192 ғылыми мақала, оның ішінде 151  халықаралық басылымдарда, нөлдік импакт-фактор, Scopus және Web of Science базасына кіретін журналдарында 41 мақаласы жарық көрген.

СҒЗЖ  бойынша конференцияларға қатысқан студенттер саны – 186, көрмелер мен байқауларға қатысып, жүлделі орын алғандар саны – 51, соның ішінде халықаралық  –  5, республикалық – 20, жергілікті – 26, басқа ЖОО – 36 студент.

Факультетте 10 ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. СҒҮ қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың ғылыми зерттеулерге қатысу жолымен, әр студент үшін өзінің қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Серіктестер

  • Швебиш Гмюнд педагогикалық институты, Швебиш-Гмюнд қаласы, Германия.
  • Томаша Бати, Университеті, Чехия.
  • Кастамону Университеті. Кастамону қаласы, Туркия Республикасы.
  • Карабюк Университеті. Карабюк қаласы, Туркия Республикасы.
  • Түркі тілдес халықтардың озық тәжірибиелермен алмасу, кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатында Түркия мемлекетінің «Карабюк» университетімен тығыз байланыс орнатылған. 
  • Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту» орталығы.
  • Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық өлкетану музейіне қарасты  "Даңқ залында" орналасқан "Бауыржантану" ғылыми- зерттеу орталығы.
  • Zambyl NEWS ақпараттық агентігі.

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Ташқараева Әсел Мұхтарқызы «АБУ-Л-ҒАЗИДІҢ «ШЕЖІРЕ-И-ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕР» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, дипломын алды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелерді беру қағидаларының» 3 бабына, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2021 жылғы 21 қазандағы бекітілген «Л.Н. Гумилев атындағы EҰУ диссертациялық кеңесі туралы ережесінің» 7.8 тармағына сәйкес Ташқараева Әсел Мұхтарқызына 6D020300 — «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы  (РhD) дәрежесі берілді.

2023 жылдың 20 желтоқсанында Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Максутова Альбина Абеновна «М.Х.ДУЛАТИДІҢ «ТАРИХ-И РАШИДИ» ЕҢБЕГІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелерді беру қағидаларының» 33 бабына, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2023 жылғы 9 қарашадағы бекітілген «Л.Н. Гумилев атындағы EҰУ диссертациялық кеңесі туралы ережесінің» 7.8 бабына сәйкес Максутова Альбина Абеновнаға 6D020300 - «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы  (РhD) дәрежесі берілді.

2023 жылдың 26 желтоқсанында Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы 6D011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Байжігіт Ботагөз Сәбитқызы – «ПОЭТИКА АБСУРДА В ЛИТЕРАТУРЕ ПОСТМОДЕРНИЗМА И МЕТОДИКА ЕЕ ИЗУЧЕНИЯ В ВУЗЕ» тақырыбында диссертация қорғады.

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІ

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің 2 оқытушысы 2023 жылдың 20 желтоқсандағы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін «500 ғалым» бағдарламасының стипендия иегері атанды!  

  1. «Шетел филологиясы жене аударма ісі» кафедрасының PhD Мамырханова Жамиля Темиргалиевна.
  2. «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының доцент м.а. – Жампейсова Жанар Мұратбековна.
  3. «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Айнура Райкуловна Нуржанова, «Болашақ» стипендиясының иегері, 2019-2021 жылдар аралығында Оңтүстік Калифорния университетінде, АҚШ, Жоғары білім беруді басқару және студенттермен жұмыс жөніндегі білім магистрі дәрежесін алған.
Оқу-әдістемелік жұмыстар

Факультеттегі оқу - әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Факультеттің кафедраларындағы әдістемелік жұмыс мыналарға бағытталған іс-шаралар кешенінен тұрады:

  • оқу процесін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
  • оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарын жүзеге асыру;
  • факультет даярлайтын мамандар үшін технологиялық процестер мен телекоммуникацияларды автоматтандыру, даму перспективалары мен энергетиканың жағдайын ескере отырып, кафедралардағы оқу жұмысының барлық нысандарын, әдістері мен формаларын жетілдіру.

Әдістемелік жұмыстың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешу үшін факультеттің кафедраларында келесі нысандарда жүзеге асырылады:

  • пәнді оқыту әдістемесін жүзеге асыруға, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды жүзеге асыруға, педагогикалық ұжымның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыс;
  • оқу-әдістемелік жұмыс беріліп жатқан тәжірибені байытуға, оқу-тәрбие процесінің даму перспективаларын, оның мазмұны мен оқыту әдістерін жүзеге асыруға, жаңа принциптерді, әдістерді, технологияларды және ұйымдастыру формаларын қарастыруға бағытталған оқу процесі.
Тәрбие жұмыстары

Студенттермен тәрбие жұмысы «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің оқу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Академиялық топтардағы тәрбие сағаттарында студенттердің қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар мәселелер қарастырылады: ішкі тәртіп ережелері, ел өміріндегі елеулі оқиғалар, салауатты өмір салтын насихаттау, топ үлгерімін талдау, университеттің тәрбие жұмысының және топтық жұмыстың жоспарларына сәйкес мерекелік іс-шараларды дайындау. Кеңесшілер құқықтық білім беру саласында белсенді жұмыс істейді: олар Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да құжаттарды талқылайды. Сондай-ақ «Латын әліпбиіне көшу», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» және т.б. тақырыптар бойынша кураторлық сағаттар өткізіледі.

Жыл сайын кафедра бойынша, жетекшілік ететін топтар бойынша тәрбие жұмысының жоспары жасалады. Эдвайзерлер кафедра мәжілістерінде орындалған жұмыстар бойынша есеп береді. Студенттер университетте және одан тыс жерлерде өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға қатысады. Театрларға, мұражайларға бару ұйымдастырылған. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, брейн-рингтер, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер және т. б.

Факультет студенттері республикалық және жергілікті жастар ұйымдарының қызметіне, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конкурстарға, акцияларға, спорттық жарыстарға, патриоттық әндер конкурстарына, көркемөнерпаздар байқауларына белсенді қатысады. Кәсіптік бағдарлау жұмысы да үлкен тәрбиелік сипатқа ие, оған оқытушылармен қатар студенттер де белсенді қатысады. Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінде мектеп оқушыларымен кәсіби бағдарлау бойынша іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Факультет оқытушылары жеке және топтық кәсіби бағдарлау әңгімелерін, пікірталастарды, конференцияларды өткізеді, студенттердің университеттегі ашық есік күндеріне қатысуын ұйымдастырады. Факультетте Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс істейді, ол жастардың мүдделерін білдіруге және құқықтарын қорғауға, корпоративтік рухты, заманауи басқару дағдыларын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті жандандыруға ықпал ететін түрлі әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға бағытталған.

Факультетімізде білімгерлерге рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тәж» әдеби-поэтикалық клубы, «Алаш тағылымы» тарихи-өлкетану клубы, сондай-ақ, «Қыз Жібек» психологиялық қыздар клубы сияқты түрлі үйірмелер жұмыс жасайды.

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Азаматтық-патриоттық: әлеуметтік-саяси сауаттылыққа тәрбиелеу, жастар арасында деструктивті саяси идеялардың таралуына жол бермеу, көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне, өнері мен дініне құрметпен және ұқыптылықпен қарау; мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;
  • Моральдық-рухани: студенттерді деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетке үйрету, діннің қоғамдағы орны мен рөлін түсіну;
  • Құқықтық: жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
  • Дене тәрбиесі: бұқаралық спортты дамыту, әуесқойлар арасындағы спорттық жарыстарға қатысу, білімгерлердің спорттық іс-әрекетін ұйымдастыру;
  • Мәдени-шығармашылық: студенттік үйірмелерге қатысу, эстетикалық талғамын қалыптастыру, білімгерлердің шығармашылық өнерін дамыту;
  • Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестік принциптерін түсіндіру, волонтерлік студенттік қозғалысты қалыптастыру және дамыту.
Top