Есеп және аудит кафедрасы

Есеп және аудит кафедрасы 

Abildaev

  

АБИЛДАЕВ СҰЛТАН ТАЛАСБАЕВИЧ

кафедра меңгерушісі, PҺдоктор

Байланыс тел.: 8 (7262) 43-33-82

E-mail: Sultan_feb@mail.ru

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, 2.6-318

 

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 1973 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтында ұйымдастырылған. Кафедраның ашылуына негіз болған және алғашқы кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Нурумов Алданыш Арыстангалиевич болды. Кафедрада қызмет атқару үшін өндірістен көптеген мамандар шақырылған, олар Мухитдинов Тохтаназар Мухитдинович, Хакимова Резеда Султановна, Елешов Нурахан Елешович, Мустафина Атыркуль Кайсаровна және т.б., аталған оқытушылар кафедраның қалыптасуы үшін үлкен күш жұмсаған. Жас мамандарды оқыту қызметі үшін жоғарғы оқу орнына түлектерінің ішінен, сонымен қатар өндірістен де мамандар тарту бойынша жұмыстар жалғаса берді.

Кафедра меңгерушісінің ұйымдастырушылық қасиетіне байланысты бухгалтерлік есеп аумағанда кандидаттар мен докторларды дайындау мақсатында ҚР орталықтандырылған жоғарғы оқу орындарымен және басқа мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз кәсіби қарым-қатынастар орнатылған болатын.

Біздің кафедра үшін ғылым кандидаттары мен докторларын дайындауда Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы, Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономика университеті, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және т.б. жоғарғы оқу орындары үлкен үлес қосқан.

Өз уақытында аспирантурадан өткен және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші болып диссертация қорғаған кафедра түлектері Елешов Н.Е., Байсалов С.Д., Тажибаев С.Д., Алиев М.К., Кожабеков С., Мустафина А., Ержанов А.К., Кульбараков К., Жусипова С.М., Сейдахметова Ф.С., Исакова С.А., Жумабекова Г., Барышева С. Сонымен қатар, Тажибаев С.Д., Сейдахметова Ф.С. и Алиев М.К. бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша экономика ғылымдарының докторы болды.

1998 жылы кафедра құрамы Жамбыл гидромелиративті-құрылыс институты мен Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтының бірігуі салдарынан жаңа кадрлармен толықтырылды.

Өз уақытында кафедра меңгерушілері болғандар: Нурумов А.А. (1973-1980), Елешов Н.Е. (1980-1981), Байсалов С. (1981-1986), Алиев М.К. (1986-1989), Кожабеков С.С. (1989-1993), Мустафина А.К. (1993-2006), Исакова С.А. (2006-2010), 01.09.2010 ж. Кожабеков С.С. Қазіргі таңда 2019 оқу жылынан бастап кафедраны Ph.D доктор Абилдаев С.Т. басқаруда.

Кафедрада 18оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде: 4 доцент, 11 аға оқытушы, 3 оқытушы қызмет атқаруда.

Оқытушы-профессорлық құрамы қызметінің негізгі мақсаты – нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес елімізді индустриалды-инновациялық дамыту үшін бухгалтерлік есеп бойынша біліктілігі жоғары мамандар дайындау. Осы мақсатта 5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалаврларды, ал 2004 жылдан бастап 6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистрларды дайындау жүзеге асырылуда.

«Есеп және аудит» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы жоғарғы кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Оқу үрдісі білім берудің жалпы білім беру стандартының негізінде жүзеге асырылып отырады.

Кафедра құрамы өз түлектерімен мақтана алады, айта кетсек қазіргі таңда «Есеп және аудит» кафедрасының құрамында бұрынғы түлектер, қазіргі оқытушылар қызмет атқарады, Исакова С.А., Қожабеков С.С.,Сулеева С.Е., Қарымсаков А., Абдиманапов М.Д., Жусипова С.М., Есенова М.Ж., Баймедетов С.Д., Тулеева Г.Т., Айнабекова И.Т., Игликова А.Н., Ерболұлы А.

Кафедра құрамы жоғарғы кәсіби мамандармен қамтылған. Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына  2013 жылы э.ғ.д. профессор Исакова С.А.,2017жылы,э.ғ.к., доцент Кожабеков С.С.қатысып «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды.

2014-2015оқу жылы э.ғ.к., доцент м.а. Тлеубаева С.А. «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен Мәскеу қаласы, М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдаманы өтті. «IFAC» Ресей кәсіби бухгалтерлер институтында біліктілігін жоғарылатып, «Кәсіби бухгалтер» аттестатының иегері атанды және Ресей мемлекеті «Содружество» бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясының мүшесі болды.

2018-2019 оқу жылында кафедраның э.ғ.к.,доцент м.а. Тлеубаевва С.А. «Үздік ғылым кандидаты»конкурсына қатысып, «Қазақстанның құрметті ұстазы»,«Үздік ғылым кандидаты» атағына ие болды. 2019 жылдың шілде айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Жас Кәсіпкер»/«Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту семинарына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды және осы жобаға қатысушыларға білім беруде.

         Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде инновациялық технологияларды белсенді қолданады. Кафедраның аға оқытушысы Тайлакова М.И. 2018 жылы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары арасында ұйымдастырылған «Үздік мультимедиялық өнім» номинациясы бойынша I дәрежелі Диплом иегері (үздік ашық сабақ), сонымен қатар «Үздік мультимедиялық өнім» байқауының І дәрежелі Дипломының иегері (пәннің инновациялық құрамы) атанды.

         2017-2018оқу жылында кафедраның аға оқытушысы Тұрғанбаев Қ.Д. «Үздік куратор» конкурсына қатысып, «Үздік куратор» атағына ие болды

2017-2018 оқу жылында аға оқытушы С.Д.Баймедетов Қырғызстанда Бішкек қаласында  PhD докторлық диссертациясын, ал 30.01.2019 жылы аға оқытушы Б.А.Альпенова сол жоғарғы оқу орнында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

2017оқу жылында кафедраның оқытушысы Есильбаева Ж.Е. Алматы қаласында Алматы технологиялық Университетіне докторантурасына түсті.

2016-2017оқу жылыERASMUS+ бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен Германия мемлекеті«Hof» университетінде «Есеп және аудит» мамандығының студенті Андабекова Балауса білім алды.

«Есеп және аудит» мамандығы, арнайы бөлімінің студенттері Рысбек Айя және Жаңабек Ақнұр ERASMUS+ бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен шетелдегі мемлекеттерде білім алды. Атап айтқанда, Рысбек Айя Испания мемлекетінде, Хуэльва қаласы, Хуэльва университетінде 2018 жылдың 1 ақпан – 15 шілде аралығында 1 семестр, ал Жаңабек Ақнұр Польша мемлекетінде, Жешув қаласы, Жешув техникалық университетінде  2018 жылдың 1 семестрінде 22 ақпан – 10 шілде аралығында тәжірибе алмасты. 2 курс студенті Нуржауова Анель 2018-2019 оқу жылының бірінші семестрінде 22.08.2018ж №282-ст. бұйрық негізінде Астана қаласында «Туран» университетінде білім алды.

Бүгінгі күні мамандарды өмір талабына сай даярлау мақсатында қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін 1С: Бухгалтерия 8.2 бағдарламасын үйрету мақсатында жаңа модельдегі 21 дербес компьютермен жабдықталған, 1С: Бухгалтерия 8.2 бағдарламасын оқыту үшін «А.А.Нурумов атындағы бухгалтерлік есеп және аудит оқу орталығы» қызмет көрсетуде.

28.02.2019 жылы жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыру мақсатында жұмыс берушілер: «Арна-аудит компаниясы» ЖШС директоры – Усенов С.Р., Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қызметкері – Әлім Ғ., Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің қызметкері –Тұрсынбаева А. семинар-тренинг өткізіп отырады.

2018-2019 оқу жылында, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен 44 ғылыми еңбек жарияланды. Scopus жоғары импакт фактор журналында - 3 мақала, нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда (РИНЦ) - 11 жарияланды. Кафедрада студенттердің «Креативті бухгалтер» ғылыми үйірмесі бар, үйірмеге 60 студенттер қатысады. Кафедра студенттері есепті оқу жылында студенттік ғылыми конференцияларға және әр түрлі конкурстарға белсене қатысады.

«Есеп және аудит» кафедрасында ағымдағы оқу жылында оқытудың ғылыми-әдістемелік потенциалы жоғары жетілдіру бағытында және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2019-2022 жылдарға арналған ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында еңбек етуде.

КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

5В050800-Есеп және аудит (бакалавр)

6М050800-Есеп және аудит (магистратура ) 

Top