Қаржы кафедрасы

Қаржы кафедрасы

isakov finansy

  

ИСАҚОВ ҒАЛИ ЖҰМАБАЙҰЛЫ,

кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

Байланыс тел.: 8 (7262) 51-20-36

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, 2.6. 212

 

«Қаржы» кафедрасы 1996 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Қаржы» кафедрасы – Жамбыл облысындағы оқытудың заманауи инновациялық технологияларын оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдана отырып, «Қаржы» мамандығы бойынша «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Мемлекеттік бюджет», «Қаржы менеджменті», «Сақтандыру» бағыттарында білікті мамандар дайындайтын білім орталығы.
1998 жылдан 2011 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Ш.Әуелбаев басқарды.
2011 – 2015 ж.ж. кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор Тажибаев С.Д. басқарды.
2015 – 2017 ж.ж. кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Амалбекова Г.Е. басқарды.
2017 жылдың қазан айынан 2018 жылғы тамыз айына дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Джунусова Д.А. басқарды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Исақов Ғали Жұмабайұлы басқаруда.
Кафедраның негізін қалаушылар: экономика ғылымдарының кандидаттары: Наурызбеков С.К., Молдабекова А.Ш., Танатова А.Р., Муратова Д.Б., Амалбекова Г.Е., аға оқытушылар Рахымжанова Т.А., Рябова Н.Н., Мелдебекова А.Д., Ажигулова А.Ж., Абдыкулова К.А., Усенова М.Т., Наурузкулова С.Б., Танатова С.О., Исмаилова А.Б., Нурманалиева Г.А., және т.б.
Қазіргі кезде «Қаржы» кафедрасында 17 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 7 экономика ғылымдарының кандидаты, 10 қаржы және экономика магистрі академиялық дәрежесі бар аға оқытушылар.
Кафедрада 5В050900 «Қаржы» бакалавры және 6М050900 «Қаржы» магистрі мамандықтарын «ғылыми педагогикалық» және «бейіндік» бағыттарда даярлайды.

КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ: 

5В050900 - Қаржы (бакалавр)
6M050900 - Қаржы (магистратура) 

Top