fulbright«Фулбрайт ТЕА педагогикалық шеберлікті шыңдау» бағдарламасын АҚШ мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы қаржыландырады.

1946 жылы АҚШ-тың Арканзас штатының экс-сенаторы Джеймс Уильям Фулбрайт студенттерге, зерттеушілерге, ғалымдар мен мұғалімдерге білімдерін жетілдіруге, сонымен қатар АҚШ және басқа да мемлекеттер азаматтары арасындағы мәдени-академиялық байланысты нығайту мақсатында АҚШ мемлекеттік департаментімен қаржыландырылатын гранттар бағдарламасын ұсынады. «Фулбрайт» бағдарламасы 1946 жылдан бастап 390.000 астам «Фулбрайттықтарға» АҚШ-та оқуға мүмкіндік берді.   

АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТТЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ  

Апталық семинарлар: Мұғалімдер АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында шақыртылған білім саласындағы мамандар, оқытушылар және университет қызметкерлерімен өткізілетін апталық семинарларға, презентациялар мен талқылау кездесулеріне қатысады. «Фулбрайт TEA» бағдарламасы алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, оқышулардың қажеттіліктеріне сай сабақ жүргізу жүйесіне, сабақтарды дайындау және оқыту технологияларын қамтитын академиялық семинарлар өткізеді.  

Америкалық мектептегі тағылымдама: Қатысушылар америкалық ұстазбен бірге америкалық мектеп ортасын іс жүзінде танып-білу үшін кемінде 40 сағаттық мектептегі тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама барысында барлық қатысушыларға мәдени таныстыру, тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі.  

Кәсіби білім алуға арналған онлайн қауымдастық: Әрбір мұғалім басқа мемлкеттерден келген әріптестерімен бірге білім және көшбасшылық саласындағы қарым-қатынасты дамыту және алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу үшін онлайн қауымдастық шараларына қатысады.  

Fulbright TEA бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты осы сайттан оқи аласыздар: www.fulbrightteacherexchanges.org 

Top