Тасу Дилнура

Мен Тасу Дилнура, "Ұстаз" институтының, "Шет тілдері мұғалімдерін даярлау" мамандығы бойынша оқимын.

Қазіргі таңда мен София қаласында орналасқан  Әулие Климент Охрид атындағы София университетінде Эрасмус + бағдарламасы бойынша білім алудамын. Оқыту ағылшын тілінде өтеді, өйткені мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер бар. Биыл менімен осы бағдарлама бойынша Италия, Испания, Индонезия, Оңтүстік Корея, Германия елінен келген студенттер оқиды. Мұнда көп уақытымыз оқумен өтеді. Сондай-ақ, бізге қаланың көрікті жерлерін көрсетеді, экскурсиялар мен түрлі іс-шаралар өткізіледі, сонымен қатар спорт секцияларына, кітапханаларға баруға болады. Осылайша біз осы аймақтағы адамдардың өмірі туралы көбірек білеміз. Бұл шын мәнінде өте қызықты. Мұнда оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас өте жақсы, сіз кез-келген сұрақты пошта арқылы немесе арнайы қосымшада қоя аласыз, үй тапсырмасын тексеру электрондық пошта арқылы да жүзеге асырылады, ал оқытушылар әрбір студентпен жеке жұмыс жасайды. Көптеген практикалық сабақтар мен қазіргі талапқа сай қосымшалар қолданылады. Студенттермен алмасу бағдарламасына қатысу, маған әрине, тәжірибе, жаңа білім, жаңа сезімдер әкелді. Бұл өте қызықты және пайдалы болды. Мен  шетелде оқуға және сол елдің әрбір мәдениеттерімен танысуға мүмкіндік бергені үшін "Ұстаз" институтына үлкен алғысымды білдіргім келеді".

Top