Рахманқұл Даулет, Камерино университеті, Италия

Erasmus+ бағдарламасымен Италияға бір семестрге оқуға келдім. Аталған бағдарламаның стипендиясы университетте оқу, жатақхана, жолақы және басқа да шығындарды жабады. Университетте осы бағдарлама бойынша оқуға келген көптеген шетелдік студенттер бар. Мұнда сабақтардың өтілуі, студенттің бағалануы өзіміздің университеттен сәл өзгеше екенін байқадым. Көптеген сабақты онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Лекциялардың видеожазбасы сақталып кез-келген уақытта қайталап көруге болады. Сонымен қатар студенттерді бағалау да апта сайын емес, тек семестрдің соңында ғана орындалады. Мысалы, біздің бір пәніміз бойынша баға алу үшін зертханада жасаған эксперименттік жұмыстың нәтижесін мақала ретінде тапсыруымыз керек. Осы пән барысында оптикалық микроскоппен, электрондық микроскоппен зерттеу жасап, рентген сәулелерімен спектрлік талдау жасап жатырмыз. Физика сабақтарынан бөлек италян тілі курсын оқып жатырмыз. Курста әр мемлекеттен жиналған 20 шақты ұлт өкілдері бар.

Top