Жанабаев Диас

Менің есімім Диас. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтында «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курста оқимын.

Erasmus бағдарламасы әрбір қатысушыға қажетті дағдыларды қалыптастыруға, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға және басқа да дағдыларын  тереңдетуге көмектеседі.

Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру үшін,студенттер мен оқытушыларды алмастыру мақсатына арналған Erasmus бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Испания мемлекетінің Уэльва қаласындағы Уэльва университетінде аталған бағдарлама бойынша өз білімімді дамыттым. Оқу барысында Didactic of English, English 1 және тағы басқа пәндер аясында дәріс алдым.

Сонымен қатар осы бағдарламаның мақсатына байланысты Испания елінің тарихы мен мәдениетімен таныстым. Оқу барысында басқа елдердің де мәдениетімен танысып, ой өрісімізді кеңейттік. Оқу үрдісінде ағылшыны тілі деңгейімізді көтердік.Университеттің оқыту ерекшелігі, әрбір студент өзінің жеке оқу кестесін құрады. Білім алумен қатар бұл бағдарлама арқылы мен көптеген атақты қалаларға саяхаттадым. Соның ішінде Мадрид, Севилья, Валенсия қалалары. Эрасмус және тағы да осы секілді көптеген бағадарламар бойынша студенттер өте пайдалы тәжірбие жинап, болашақта өз маман иесінің шебері болуға көметеседі.Тағы да бір пайдалы мәлімет, сол мемлекетте оқу степендияның берілуі. Қорытындылай келе, «Мен дамығым келеді» деген студентке осы бағадарламаға ұсыныс беруге кеңес берер едім.

Top