2021 жылдың 27 қазан Мүмкіндігі шектеулі жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында «IQ-stan» атты интеллектуалдық ойыны өтті.
Байқау «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті білім беру орталығы бастамасымен ұйымдастырылды. Интеллектуалдық ойынның сұрақтарын Тараз қаласы «Жас Отан» жастар қанаты волонтерлары дайындаған болатын. Ойын барысында студенттерге әртүрлі сұрақтар ұсынылды: 1 кезеңде - "Жеңілдетілген сұрақтар" қойылса, 2 кезең - "орташа сұрақтар», 3 кезеңде қатысушылар 3 факттен 1 жауап табулары керек болды. 4 кезең - "Фактілер мен цифралар" сайысы, 5 қорытынды кезеңде «Блиц» сұрақтар қойылып, қатысушыларды жылдам әрі дұрыс жауап беру дағдыларын сынады.
Интеллектуалдық ойын мақсаты мен міндеттері:
- Жастардың коммуникативтік және интеллектуалдық қабілеттерін шыңдау, білімін арттыру;
- Шығармашылық ойлау және қиялдарын дамыту;
- Жылдам ойлауға, командамен жұмыс жасауға дағдыландыру;
- Өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру.
Аталмыш шараға инклюзивті білім алатын мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.
Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:
1 орын – «Мықтылар» тобы;
2 орын – «Жеңіс» тобы.
Интеллектуалдық ойын жеңімпаздарына арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды. 1 орын иеленген «Мықтылар» тобы 50 000 теңге көлемінде сыйлықты қанжыласа, 2 орын иеленген «Жеңіс» тобы 25 000 көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталды.