Алғы сөз кафедра меңгерушісі Серубаева Аурика Темірхановнаға берілді. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, мамандық туралы, университеттің стратегиялық бағдармалары туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар сөз Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Махамбеталиева Алияға берілді. Ол қазақ тарихының саяси оқиғаларының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рухани-мәдени маңыздылығына тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелге Жамбыл ауданының Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта орта мектебі, Байзақ ауданы, Сарыкемер Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясы, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясы, Тараз қаласы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы, Тараз қаласы № 66 орта мектебі, №9 Мерке колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Жамбыл ауданы «Бірлесу -Еңбек» орта мектебі, №55 орта мектебі, Тараз қаласы №9 мектебі, Тараз қаласы №6 мектебі, Тараз қаласы №18 мектебі және тарих мамандығының 1, 2, 3 курс үйірме мүшелері белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қожық батыр туралы өмір деректерінен толық мәліметтер айтылды, деректердің әлі де болса толық зерттелмей жатқанын және ол ол туралы архивтердегі негізгі айтылмай жүрген құнды деректердің ғылыми айналымға қосу керектігіне тоқталып өтті.
Тарих мамандығының 2 курс студенттері, үйірме мүшелері Мирзакулова А.П., Смағұлов С.К., Шора А.Б. дөңгелек үстел барысында белсенділік көрсетті. Байзақ ауданы, Сарыкемер Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып окушылары Хамит А., Эргаш А. және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Базарбай Мұрагер, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының 10 сынып окушысы Мэльс Мерей тарих пәнінің мұғалімі Найденова Э.М. жетекшілігімен келген мектеп оқушылары белсенділік көрсетті.
Дөңгелек үстелде белсенділік көрсеткен оқушылар мен студенттер І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдар берілді. Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды және белсенділік білдірген ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табысталды.