Сондай-ақ жобаның бюджеті мен алдағы жоспарлары да қарастырылды. Өзбекстан мен Қазақстанда «REILEAP орталықтары және инклюзивті және тұрақты өсу үшін инвестицияларды ынталандыру» атты екі семинар ұйымдастырылады. Өзбекстан серіктестері «Еуро-Азия 2023» көрмесімен бірге бұл семинарды ұйымдастырды. Қазақстандық серіктестер (Дулати университеті мен Әуезов университеті) 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның әрбір университетінде кездесу ұйымдастырады.
REILEAP жобасы қатысушыларының Грекияда кездесуі!
2023 жылғы 2 және 3 мамырда Ханья қаласындағы (Грекия) Крит техникалық университетінде (TUC) REILEAP - Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасының 11-ші жоба отырысы өтті. Кездесуге жобаның барлық серіктестері қатысты.
Жоба үйлестірушісі Николаос Билалис баяндама жасап, кездесудің мақсатына тоқталды: WP1 (Дайындық) және WP2 (Дамыту) жұмыс пакеттерінің соңғы нәтижелерін талқылау; WP4 (Сапа жоспары) және WP5 (Тарату және пайдалану) жұмыс пакеттерін орындаудағы прогресс. Екінші күні отырыс барысында WP3 (Дамыту) жұмыс пакеті қарастырылды, яғни Өзбекстан мен Қазақстанның әрбір серіктес университеті 4 Орталықты технологиялық жабдықтармен жабдықтау, жұмысты ұйымдастыру және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұсынды. Дулати университеті, Әуезов университеті, Ташкент тоқыма институты мен Джизак политехникалық институтының орталықтарының пилоттық тестілеу қызметі, желілік және бірлескен іс-шараларының жоспары қарастырылды.