REILEAP жобасы ZHEIF-2023 көрмесінде

2023 жылғы 26 және 27 сәуірде Тараз қаласында «Zhambyl Economic and Investment Forum (ZHEIF) – 2023 атты халықаралық инфестициялық форум өтті. 4 елден (Иран, Литва, Қытай және Сауд Арабиясы) және Қазақстанның қалаларынан келген 900-ден астам қатысушылар: жетекші халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері, инвесторлар, сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары форумға қатысты.

Форумның мақсаты – инвестициялық, іскерлік және шығармашылық ортаны қалыптастыру, инвестициялық байланыстарды одан әрі орнату, туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.

Ақпаратты тарату мақсатында форумға халықаралық REILEAP жобасы Дулати университеті өкілдері қатысты. Қатысушылар жобаға үлкен қызығушылық танытты. Және де қала және облыс басшылығы былғары бұйымдарын дайындайтын оқу орталығының ашылуына қатысуға ниет білдірді.

Рисунок3

Рисунок4

Top