Үшінші тренинг – Италия
2022 жылдың қараша айының 7 мен 18 жұлдыздары аралығында Италияның Падуя қаласында Politecnico Calzaturiero ұйымдастыруымен Эразмус+ REILEAP жобасының үшінші оқу тренингі орын алды. Тренингке Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Светлана Бурдеева, Нурболат Ташшабаев, "6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары" білім бағдарламасының 2 курс студенті Дәурен Қуатбек және 1 курс студенті Ердаулет Шілдехан қатысты.
Тренинг кезінде "Production management and process control", "Marketing", "Product Customization: tools for design", "Soft skills in manufacturing environment" тақырыптарында лекциялар оқытылды. Соңында сертификаттар табысталды.