Алғашқы тренинг – түркия

2022 жылдың маусым айының 13 мен 24 жұлдыздары аралығында Туркияның Измир қаласында Эразмус+ REILEAP жобасының алғашқы тренингі орын алды.

Тренингке әр университеттен 2 оқытушы және 4 студент қатысты. Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, "8D07211-ББИ" БББ 3 курс докторанты Асель Байдильдаева, "6В07222-ББИТ" БББ 1 курс студенттері Жанел Тұрым, Ажар Алтыбай және Бейбіт Онгдашын барды.

Тренинг барысында былғары мен шикізат сынамалары, былғары дайындау процесстері түсіндірілді. Сондай-ақ "Sepiciler" былғары компаниясымен таныстыру жүргізілді.

Бірінші апта соңында емтихан алынып, оқытушыларға сертификаттар табысталды.

Тренингтің екінші аптасында "Best practices of Retaining and Fatliquoring stages of Leather Processing" тақырыбында Sintan Chemicals компаниясы дәріс өткізілді. Апта соңында Stahl компаниясы өз тәжірибесімен бөлісті. Тренинг дәріс және лабораториялық жұмыс ретінде өтті.

Жалпы тренинг 4 рет өтеді деп жоспарлануда: Түркия, Румыния, Италия және Грекия елдерінде.

2

Top