REILEAP ЖОБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ «ELLIN SHOES» АЯҚ КИІМ ФАБРИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2021 жылдың 2 қарашасында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасының мүшелері серіктес - «ELLIN SHOES» аяқ киім фабрикасының басшылығы Юлия Починок және Периклис Скумприспен кездесті. Кездесу фабриканың өндірістік аумағында тігіншілер, керушілер және пішушілердің қатысуымен өтті. Жоба менеджері Абзалбекұлы Бекжан Эразмус+ халықаралық жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді, және негізгі міндеті - Қазақстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындары жұмысшыларының біліктілігін арттыру және оқыту, былғары сапасын анықтау үшін зертханалармен жабдықтау салаларында көмек көрсету туралы ерекше сөз қозғады.

2

«ELLIN SHOES» - 2016 жылы Тараз қаласында құрылған серпінді дамып келе жатқан компания. Аяқ киім фабрикасы табиғи былғарыдан жасалған ерлер сәнді аяқ киімдерін шығарумен және сатумен айналысады. Ассортиментті ұдайы жаңарту, жаңа технологиялар мен заманауи материалдарды енгізу, еуропалық сапа және өндірілетін бұйымға қойылатын жоғары талаптар «ELLIN SHOES» компаниясына Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтуға және дамытуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында «ELLIN SHOES» фабрикасы өкілдерінің REILEAP жобасымен одан әрі ынтымақтастығы, 2022 жылдың қыркүйегінде өтетін «Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өнеркәсібінің инклюзивті және тұрақты өсуі үшін былғары орталықтарын дамыту және инвестициялау» семинарының негізгі тақырыптары талқыланды. Және де Қазақстан Республикасындағы былғары-аяқ киім өнеркәсібінің жай-күйі туралы қызметкерлердің пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізілді.

Top