REILEAP ЖОБАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕССИЯ

Дулати Университетінің базасында 2021 жылдың 4 наурызында Erasmus+ REILEAP жобасының қатысушылары үшін «Welcome to Erasmus+ family» консультациялық сессиясы ұйымдастырылды. Консультациялық сессияны Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова жүргізді. Сессия М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры м.а. Ержан Әмірбекұлының алғы сөзімен басталды.

Сессия барысында қатысушылардың жобадағы рөлдері, жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, академиялық емес серіктестердің көзқарастары, курстарды дамыту және жабдық сатып алу жоспарлары талқыланды. REILEAP жобасы университеттердің кәсіпорындармен ынтымақтастығына бағытталған, сондықтан іс-шараға тек университеттердің өкілдері ғана емес, сонымен қатар «ТаразКожОбувь» ЖШС мен «Ellin shoes» ЖШС жұмыс берушілері қатысты. Сессия соңында қатысушылар практикалық тапсырманы орындады, бұл әрі қарайғы әрекеттерге серпін берді.

Top