WELCOME TO ERASMUS+ FAMILY

2021 жылдың 18 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, Шымкент қаласы Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің бастамасымен өткен «Welcome to Erasmus+ family» тақырыбында кеңес беру сессиясы өтті.

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Ө.Тасболатова «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА)»  Эразмус+жобаларының іске асырылу тиімділігін арттыру мақсатында презентация жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар КAZDUAL және REILEAP жобаларының координаторлары мен мүшелерін жалпы ережелермен таныстырды. Жобаларды іске асыру бойынша тәжірибелік кеңестер берілді.

Top