БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

2021 жылдың 15 мен 20 ақпан аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының базасында университет ректоры бекіткен жоспарға сәйкес, әскери кафедра қызметкерлері «Әскери жоғары мектепте педагогикалық қызметті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша онлайн форматта біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға сертификат берілді.

Top