МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор Қарақұлов Қайдар Самиғоллаұлы әскери кафедра басқарушысы, магистр, полковник С.А. Мұқышевке әскери борышын адал орындағаны үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагері» медалін және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік медальді салтанатты түрде табыс етті.

Top