ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және жұмылдыру резервін дайындауға белсенді қатысқаны үшін запастағы полковник Егізеков Нұрлан Көптілеуұлы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Университет ректорымен «Бүркіт» полицияға көмек көрсету студенттік жасағының студенттері Байтасов Нұрлыбек Сейсенұлы, Наметов Алмас Құрманбекұлы оқуда озаттылығымен, ғылыми жетістіктерімен ерекшеліп, университеттің қоғамдық - саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Top