2015 жылдың қыркүйек айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Үндістан Ұлттық кадет корпусы арасындағы өзара ынтымақтастық, жастар алмасу бағдарламасы бойынша өзара әрекеттестік пен өзара түсіністікті нығайту аясында қол қойылған меморандумға және үнді тарапының шақыруы бойынша 2020 жылдың 15 мен 30 қаңтар аралығында оқытушы запастағы майор Қ.Ә. Оңалбеков және әскери кафедрада оқитын заң факультетінің 3 курс студенттері К.Т. Аширмухамедов, Ш.А. Аширмухамедов және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті А.К. Ермеков Үндістан Республикасының күні мерекесіне арналған іс-шараларға қатысты.

 

Біздің студенттер шетелдік делегацияларға арналған бағдарламаға сәйкес басқа шет елдердің Бутан, Бангладеш, Вьетнам, Қырғызстан, Непал, Мальдив, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка елдерінен келген студенттермен бірге кадеттердің тұрмысымен танысып, кадет корпусында болып қайтты. Үндістан Республикасының 71-жылдығына арналған шеруге және түрлі мәдени іс-шараларға қатысты.

Үкімет резиденциясында ел Президенті Шри Рам Натх Ковиндпен кездесу өтті, сондай-ақ шетелдік қонақтар Премьер-министр Нарендра Дамодардас Модимен, Үндістан қорғаныс министрі Шри Раджнатх Сингпен, құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал Манодж Мукунд Наравани және Үндістанның Ұлттық кадет корпусының бас директоры генерал-лейтенант Раджив Чопрамен кездесті. Шетелдік сапар барысында біздің студенттер әлемнің жеті кереметінің бірі Агра қаласының маңында орналасқан Тадж-Махал мавзолей-мешітінде, Үндістанның Нью Дели қаласындағы ұлттық музейде, Раджастанның астанасы – Джайпур қаласында болып қайтты.

Тараз қаласына келген соң студенттер Үндістан сапарынан алған әсерлерімен бөлісті.

Top