МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА – ЕСТЕ ТҰРАР ЕСКЕРТКІШ

2022 жылғы 18 ақпанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Ф. Үркімбаев атындағы жастар сарайында «Бүркіт» полициямен бірлескен студенттік жасағы ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және Ұлттық Инженерлік академиясының академигі Марс Фазылұлы Үркімбаевқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Басқарма Төрағасы-университет ректоры Талғат Ешенқұлов, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов, Қазақстан Ұлттық Академиясының академигі Өскенбай Мәдиев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев сөз сөйледі.

Рәсім гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

 

 3

2

5

IMG 20220218 WA0010

Top