ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ НОРМАТИВТЕРІН ҮЗДІК ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

2021 жылдың 29 қарашасы 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет» КЕАҚ әскери кафедрасында әскери кафедра студенттері арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау» өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мадақтамалармен марапатталды:

№ 1 оқу орны - АК - 74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру.

1 орын - Шермаханбетов М.Г. (811 оқу взводы, куратор запастағы полковник С.В. Насекин.)

№ 2 оқу орны - жалпы әскери қорғаныс жиынтығын ОЗК және газтұмылдырықты кию.

1 орын - Молданов Е.Д. (611 оқу взводы, куратор запастағы полковник Ориненко Д.Н.)

№ 3 оқу орны - белтемірге тартылу.

1 орын - Есенов А.Е. (911 оқу взводы, куратор запастағы полковник Н.К. Егізеков)

№ 4 оқу орны - бөлімшелердің саптық реттілігі және әндерді орындауы.

1 орын - 840 оқу взводы, куратор запастағы подполковник А.А.Дүйсенбаев.

Байқаудың мақсаты: студент жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

 

 

 

 

Top