ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ІС-ШАРАСЫ

14 қазан сағат 15.00-де. әскери кафедраның мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша түлектермен үгіт-насихат іс-шарасы өтті. Іс-шараға Тараз қ. ҚІБ тәрбие, идеологиялық жұмыстар және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бастығы майор М.Ә. Исенбаев, Тараз қ. ҚІБ әскери техникалық мектептің әскери дайындық және бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы Ю.А. Пак, тәрбие және идеологиялық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы Н.Г. Аляева, әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев және 86 түлек қатысты.

1

Тараз қаласының істер басқармасының өкілдері ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасады, онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері, әскердің имиджі және әскери қызметті өткерудің артықшылықтары туралы айтып берді, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша тәжірибелік ұсынысдар берді және әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында лайықты орын алуға шақырды.

Іс-шара соңында Тараз қ. ҚІБ өкілдері түлектерді қызықтыратын ҚР Қарулы Күштері қатарына шақыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Top