«ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА - 20 ЖЫЛ

2020 жылдың 12 желтоқсан күні өңірлік қолбасшылық құрылған күнінен бастап өзінің жиырма жылдығын атап өтті.

Салтанатты шараға әскери кафедра өкілдері запастағы полковник   К.Ш. Сағымбаев және запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында С. Нұрмағамбетов пен Б. Момышұлы батырларымыздың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Өңірлік қолбасшылық штабында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оларға мерекелік медальдар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Top