ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫН ІРІКТЕУ (ПККЖ)

28-30 қазан аралығында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А. А. Дүйсенбаев жасақ құрамына енгізу үшін екінші курс студенттері арасында іріктеу өткізді.

Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.

ПККЖ-ның жұмысына қатысуға ниет білдірген екінші курс студенттері жасаққа іріктеліп алынды.

Top