Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезовтың әскери кафедраға келуі

2020 жылғы 12 тамызда Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Қ. Қапезов әскери кафедрада болды. Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев оны әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен таныстырды.

Сапарының соңында әділет полковнигі А.Қ. Қапезов құрметті келушілер кітабына жазба жасап, Қазақстандағы әскери білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, қазақстандық жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді даярлауда одан әрі табыс тіледі.

 

Военная кафедра

Top