Конференцияның мақсаты-заманауи жоғары оқу орны мен мектептің білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу үшін платформа құру.
ХҒПК қатысушыларының географиясы сан қилы: Ресей Федерациясы, Хорватия, Украина, Өзбекстан және т. б. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты,доценті Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы құттықтау сөз сөйледі; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті,"Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к.,Қалдықозова Сандуғаш Еркінбекқызы; М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы,PhD докторы,Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы; М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ."Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасымеңгерушісі,ф.ғ. к. Алтаева Гүлнар Абдуллақызы барлық қатысушыларды жарқын, эмоционалды түрде құттықтап, жемісті, нәтижелі жұмыс тіледі.
Пленарлық отырыста филология, педагогика және психология, жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі ғылымдардың өкілдері, сондай-ақ практика мұғалімдері мазмұнды баяндама жасады.
Жұмыс келесі бағыттар бойынша секцияларда жалғасты:
- Инновациялық білім беру ортасы студенттер мен оқушылардың танымдық қызметін оңтайландыру факторы ретінде.
- Жоғары оқу орны мен мектептің білім беру ортасындағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект.
- Интерактивті оқыту технологиялары негізінде студенттер мен оқушылардың базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
- Тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары-білім алушылардың зияткерлік және рухани қасиеттерін қалыптастырудың маңызды құралы.
Модератор конференция жұмысын қорытындылады, педагогтар үшін өзекті іс-шараның қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
П. ғ. к., доцент Минайдарова М. Е.