Кешіміздің басты мақсаты – Кемел Тоқаевтың ғүмырнамасын, ұлттық болмысын бір кітаптың бойына сыйдыра білген Көсемәлі Сәттібайұлының «Жалғызқара» шығармасының мазмұны мен идеясын кеңінен түсініп, оған терең бойлау арқылы жас ұрпақтың дара болмысын дамытып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды насихаттау.
Әдеби-танымдық кешке университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – ректор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы, «Жалғызқара» шығармасының авторы – Көсемәлі Сәттібайұлы, сондай-ақ Ғайни Әлімбекқызы, Асқарбек Сейілхан, Самен Құлбарақ және Жасұлан Әбдіхалықов та кеш қонақтары қатарынан орын алды. Іс-шара барысында жазушымен еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылып, студенттер қаламгерге өз сауалдарын қойды.
Бұл кездесу – рухани құндылықтарды жаңғыртып, қаламгер мұрасын кейінгі ұрпаққа таныстырудың маңызды алаңына айналды. Шара аясында қатысушылар жазушылық шеберлік, көркем сөз өнері және ұлттық рух туралы терең мазмұнды ойларымен бөлісті.
14 наурыз 2025 жыл