Семинардың алғы сөзін «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Тарих» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ермекбай Серікбаев алды. Ол өз сөзінде, Алаш арыстарының өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» мемлекеттік комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қолдауымен жарық көрген «Алашорда ісі 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» 12 томдық кітабының жарық көргені жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, ондағы келтірілген деректер мен құжаттар жайлы әңгімеледі.
Семинарға «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова қатысып, Алаш идеясын жалғаған «Ақ жол» Демократиялық партиясының бастамасымен Алаш қайраткерлерінің еңбегін насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар жайлы айтып өтті. «Тарих» кафедрасының т.ғ.к., доцент Жанна Сейткулова, қауымдастырылған профессоры, PhD Альбина Максутова, тарих ғылымдарының магистрі Акнур Кобесова, 2 курс студенттері Земфира Карадуман, Жазира Жолдасова тақырыпқа байланысты баяндамалары мен толықтыра түсті. Көркем және сирек әдебиеттер сектор меңгерушісі Ақерке Бегимбетова кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар топтамасын таныстырып өтті.
Семинар соңында Сейсекүл Дүйсебайқызы «Тарих» кафедрасының ұжымына «Ақ жол» партиясы жыл сайын ұйымдастыратын «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпы ұлттық жастар байқауының еңбектері топтастырылған жинақты тарту етті. Семинарға қатысушы студенттерді марапаттап, Алғыс хат тапсырылды.