«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша үздік студенттер марапатталды. 3,9 - 4,0 GPA деңгейін көрсетіп, барлық пәндерден А, А- бағаларын иеленген білім алушылар өздерінің талпынысы мен еңбекқорлығының нәтижесін көрсетті.
Бұл – тек бағалар ғана емес, бұл – үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбектің жемісі. Осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізген студенттердің жетістігіне ата-аналары мен ұстаздары да ортақтасып, оларға алғыс хаттар табысталды.
Еңбек етіңіз, ізденіңіз, алға ұмтылыңыз! Келесі үздіктер тізімінде сіздің атыңыз жазылуы әбден мүмкін!

