Қазіргі уақытта қазіргі білім беру кеңістігінде жас ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті. Қоғамның қазіргі даму тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы және технологиялық прогресс қазіргі адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің талантты, шығармашыл жастарға деген сұранысы жастардың ерте кәсіби және жеке өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды.
Мектепте кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау үшін жағдай жасауға, белгілі бір кәсіпті игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтауға, кәсіби өзін-өзі анықтауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, қоғамда табысты әлеуметтенуге бағытталған.
21.11.2024 ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің кәсіби бағдар жоспары бойынша Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары З.Д.Тулегенова, Р.С.Мардазимова, Б.А.Малдыбаевалардың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көкөзек ауылындағы Төребай Ақбозов атындағы орта мектебінің, Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің, Аймантөбе ауылындағы Берікқара атындағы орта мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Өткізілген іс шараға 57 бітіруші оқушымен бірге мектеп директорының оқу ісі орынбасары, пән мұғалімі қатысты. Оқушылар университет туралы видео роликтерді тамашалаған соң, мамандықтарына байланысты сұрақтарына жауап алды. Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі кафедраларға байланысты жеке-жеке мәлімет берілді. Сонымен қатар, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор оқытушылар құрамы туралы ақпараттар берілді.
Мектептегі кәсіптік бағдар-бұл оқушыға мамандық таңдауда көмек көрсету, олардың мамандықтың әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық сипаттамалары, адамға қойылатын талаптары туралы қажетті білім көлемін игеруге бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Аға оқытушы Р.С.Мардазимова