Студенттер осы тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтарға жауап беруге тырысты, және өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, сұхбат жүргізді.
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Д.Алтынбекованың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ...» тақырыбында сұхбат түріндегі іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға ГӘҒФ «Тарих мұғалімдерін даярлау» және АТФ мамандықтарының студенттері қатысты.
Қоғамда әртүрлі ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірдегі жеке тұлға қалыптастыру үшін қоғамда әрбір адамның өзіндік ой-пікірлерінің болуы, және оны тиісті жерде қолдана алуға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның бастамасы ретінде студенттерге жемқорлық пен парақорлықтың салдары және онымен күресудің маңыздылығы жайында мәлімет берілді.
Студенттер осы тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтарға жауап беруге тырысты, және өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, сұхбат жүргізді.