Әдебиеттану ғылымына арналған курс өтті

Университетіміз оқытушылардың білім-білігінің деңгейінің өсіп, кәсіби тұрғыдан дамуына әрдайым көңіл бөледі. 2022 жылдың желтоқсан, қаңтар айларында филология факультетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Нүсіпова Әсима Жеңісбекқызы дүниежүзілік QS рейтингінде 165 орынды иеленген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz/ білім жетілдіру институтында "ХХІ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының даму бағыттары" тақырыбындағы курсты тыңдады. Курста қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттар туралы көптеген мәліметтер алып, компаративисттік, психологиялық, антропологиялық, дискурстық, фреймдік, семиотикалық тұрғыдан талдау әдістері туралы қызықты зерттеулерді әріптестерімен талқылады. Курс жүргізушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы Е.М.Солтанаеваға алғыс білдіреміз.

Top