«Ұлттық киім үлгілері» бөлімінде екі топ қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдарын таныстырды. Қыз баланың тұрмысқа дейінгі, тұрмысқа шыққандағы және ана атанған уақыттағы киімдеріне тоқталып, мағлұмат беріп өтті.
«Көнеден қалған асыл сөз» бөлімінде студенттер қазақтың көне салт-дәстүрлерінен, ұлттық ойындардан, ұлттық әшекей бұйымдардан құралатын сұрақтарға жауап берді. Сұрақ-жауап Kahoot бағдарламасы арқылы жүзеге асты.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімінде екі топтың жігіттері қазақтың асық ату, ләңгі тебу, қол күрес сынды ұлттық ойындарынан сайысқа түсті.
Сайыс соңында әділ қазы мүшелеріне сөз беріліп, тең түскен екі топ студенттері марапатталды.