Журналистермен кездесу өтті

Бүгін Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақ баспасөзі: бүгіні мен болашағы" тақырыбында журналистермен кездесу өтті.

Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығына қарасты "Creativ zone"-да Жас журналистер клубының мүшелері мен осы саланың майталман мамандарының басын қосқан іс-шара пікіралмасу форматында өрбіді.

Қонақтар, облыстық "Ақжол" газетінің бас редакторы Хамит Есаман, "Егемен Қазақстан" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев, "Университет тынысы" газетінің редакторы Ардақ Үсейінова баспасөздің тарихынан болашағына дейінгі аралықтағы ірі-ірі мәселелерге тоқталып, қадау-қадау сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен "Әлеуметтік желідегі үздік жазба" байқауының қорытындысы жарияланып, "Үздік жазба" номинациясымен Асқар Дариға, Шайзадаева Назерке, "Ұтқыр ой" номинациясымен Жақыпбек Азамат, "Танымдық тақырып" номинациясымен Сарсенова Айдана, "Маңызды мәселе" номинациясымен Альжева Снежана, "Өткір сын" номинациясымен Мырзағали Мерейхан, "Оқырманға өтімді жазба" номинациясымен Бекмолда Арнат, Кемелбаева Эльниза, Киргизбай Аяулым, Саятқызы Әсем марапатталды.

Барлық марапат иелеріне Хамит Есаманның сый-сияпаты, Нұр-Сұлтан кітапханасы сериясымен жуырда ғана жарық көрген жаңа ғасыр әдебиеті өкілдерінің жыр жинақтары тарту етілді.

2 2

3 2

Top