Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы Серік Қирабаевтың туғанына 95 жыл

2022 жылдың 6 наурызында «6В03212-Конвергенттік журналистика» ББ-ның студенттеріне топ кураторы Б.Мырзабаева қазақ әдебиеті сынының атасы, академик С.Қирабаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Танымдық дәрісте Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент К.М.Қарымбаева мен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Ж.Нүсіпова қатысты. Танымдық дәріс ұлағатты ұстаз туралы ыстық естеліктерден басталды. Кафедра меңгерушісі К.М.Қарымбаева ұстазы Серік Қирабаевтың темірдей тәртіпті ұстанатындығын, аудиторияға ағайдан соң ешкім де аяқ баса алмайтынын есіне алды. Есте сақтау қабілеті деңгейінің жоғарылығы сондай, осы аптада айтқан дәрісін келесі аптада тура тоқтаған жерінен жалғастырып кете беретінін баяндады. Серік ағайдың арқасында жазушы Әбіш Кекілбаевпен кездесуге мүмкіндік алғанын, автордың "Үркер" романына байланысты диплом жұмысын сәтті қорғағандығын ерекше әсермен жеткізді.

Ә.Ж.Нүсіпова Серік Қирабаевтың өте білімді маман екенін айрықша айтып, көркем шығарманың қай қайсын да жілігін шағып талдайтытын, әр шығарманың шығу тарихын, оның көркемдік жағын терең талдайтындығын жеткізді. Кез келген кітаптың мазмұны туралы сұрасаң да, мүдірмей жауап беріп, студенттерді өзін ықыласпен тыңдауға еріксіз шақыратынын және барлық студенттер сол кісіге еліктейтінін жеткізді. "Біздің халық еліктегіш келеді, біз өз ұстаздарымызға еліктеп, қателеспеппіз. Менің сөйлеу стилім ұстаздарыма ұқсайды",- деп Әсима Жеңісбекқызы ұстаздарын мақтан тұтатынын білдірді. Ұстазы  С.Қирабаевтың өз халқына, болашақ ұрпаққа деген айрықша жанашырлықпен қарайтынын анық түсіндік.

Кураторлық сабақта Серік Қирабаевтың қайталанбас болмысын, адамгершілік қасиетімен, мықты зерттеуші академик екенін, қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын ерен тұлға екендігін білдік.  

2

3

Абуова Ұлжан,

«Конвергенттік журналистика» ББ-ның 1-курс студенті

Top