2.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларымен М.Мақатаевтың 90 –жылдығына арналған «Жырлайды жүрек»,  атты тәрбие іс-шарасы өткізілді.Іс-шараны кафедра доценті Асанкулова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н. П. ұйымдастырып өткізді.

ХХ ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау болып табылады

.Іс – шара барысында студенттерқазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,поэзия құдіреті мен әндері, шығармашылығымен танысты.Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін танып,сезінді. Шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады.М.Мақатаевтың шығармашылығы туралы слайд-шоу көрсетті, өлеңдер оқыды, ән айтты.Студенттер ақынның шығармалары арқылы Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімі оянатынына ерекше назар аударды. Іс-шара ақиық ақынының шығармашылығы мен өмір жолын білуге арналған викторинамен аяқталды.

Top