ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕРСАЙЫН ТӨЛЕУБАЙМЕН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылдың 15 наурыз «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР халық әртісі Ерсайын Төлеубайдын қатысуымен «Қазақ кино әліміндегі тарихи тұлғалар» атты  онлайн конфернция өтті. Ерсайын Төлеубай Шәкен Айманов атындағы «Қазақ фильм», «Қырғыз фильм» кино студияларында бірнеше фильмдерге түскен актер. Сондай-ақ Қазақстандағы танымал драматург-режиссер. Бірнеше облыстық театрларында көркемдік жетекші, бас режиссер қызметтерін атқарған. Халық артисі.

Онлайн конфернция жоғарғы дәрежеде өтті. Конференция қонағы Қазақ киносының алғашқы тырнақ алды «Амангелді» фильімінен  бастап бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен тарихи сәттеріне кеңінен шолу жасады. Конференцияға қатысушы студенттердің облыстық театрлардың актерлардың, режиссерлардың сұрақтарына тұшымды жауап қайтарды.

Мақсаты: Қазақ кино өнерінің даму кезеңдері мен Қазақстандағы алғашқы кино саласының қарлығаштарының өнер жолы жасаған фильмдері, ойнаған рольдері жайлы бүгінгі ұрпаққа насихаттау, таныстыру.

Top