ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРАНЛҒАН «ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШІ

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі:25/02/2021ж.

2021 жылдың 25 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1 курс студенттері мен кураторы кафедра оқытушысы Жапаров Нүрғалидің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына аранлған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеші өтті. Кешті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Әдеби кеште ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылып және «Кел балалар оқылық» атты әдеби музыкалық композиция көрермендердің назарына ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдеби кештің жастар үшін  берер тәрбиесі мол болды.

Мақсаты: Аталған шараның мақсаты – Ы.Алтынсарин шығармашылығын насихаттау арқылы  жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

 
 
Top