«АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші.

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі:12/02/2021ж

2021 жылдың 12 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші өтті. Кешті «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Кабиева Айгул Кабиқызы ашты. Студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама мен «Жауынгер хаты» атты театралдық көрініс қойылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Құрманқұлов Талғат қонақа келіп, өз басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кеш соңында студенттер арнайы дайындаған сыйлығын тарту етті.

Мақсаты:   Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

 
 
Top