Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

 Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдер мен оқтушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Осы бағытта  Zoom платформасында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары «Білім алушының белсенділігін арттыруда инновациялық технологияның мүмкіндіктері» атты ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізді. Жиын  барысында Сарыкемер ауылы №1 мектеп-гимназиясының, Тараз қаласындағы №10 орта мектептің,  №36 орта-мектептің, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның жас мамандарына, мұғалімдеріне техникалық құралдар арқылы білім беру үрдісін оңтайландырудың әдіс-тәсілдеріне басымдық берілді. Кафедраның аға оқытушылары: Г.Т.Макимова, Л.К.Омаркулова, Ж.Е.Айнакулова, ACTIV INSPIRE,  Google classroom, Flash, Movavi бағдарламаларында сабақтарды дайындау тәсілдеріне тоқталса, кафедраның аға оқытушыcы Н.П.Қалымбетова EDUARDO бағдарламасымен дайындалған онлайн курсын, п.ғ.к., доцент Б.С.Асанкулова электронды оқулықтарын көрсетіп, оны дайындау жолдарын айтты. Мектеп мұғалімдері өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін ортаға салды.

«ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ Л.К.ОМАРҚҰЛОВА

Top