Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ресейдің білім академиясының «Психология институтымен» сабақтастықта ұйымдастырған ХХVІ Халықаралық «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері мен акме» тақырыбындағы симпозиумның бесінші Қазақстандық жастар секциясы өтті.

 Жиынға  Дулати  университеті «Психология» мамандығының 3-курс студенттері Назерке Оразқұл, Мөлдір Сейдазимова, 4-курс студенті Иван Потапенко, Жазира Сардаров қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді. Студенттер сәуір айында Ресейдің Москва қаласында болатын қорытынды кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болып, дайындыққа кірісіп кетті.

     Студенттеріміздің ғылыми жетекшісі доцент Рысты Керимбаеваға шығармашылық табыстар мен ғылым жолында даярлаған шәкіттеріне жеңіс тілейміз.  

Ұлмекен Жамирова

«Психология және педагогика»

кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к

Top