21.12.2020 күні жоспар бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А.Заурбекова мен Э.Қ.Құтымбетованың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы Жасөркен орта мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

2

 Іс-шара zoom платформасында өткізілді. Мектеп психологы, пән мұғалімі және 8 оқушы қатысты. Мектеп оқушыларына университетіміздің құрылымы, жетістіктері, материалдық-техникалық, оқу-зертханалық базасы, білім бағдарламалары мен жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған аудиториялары слайд арқылы таныстырылды. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің кафедралары туралы бейнероликтер көрсетіліп, толық мәліметтер берілді. Шараға қатысушы оқушылар ұйымдастырушыларға түрлі сұрақтар қойып, жауап алды.

Қатысқан оқушылар: Гүлжанат  Садықова, Нұрбақыт  Әбдіманап, Ернар  Жалғасов, Диас  Мусрали, Асия  Раимова, Мамиев Алишер, Жанерке  Әлібек, Асылжан  Мұратұлы. Мектеп психологы – Мадибекова Ләззат Мырзакуловна, пән мұғалімі – Гүлжауһар  Қазайбекова.

Top