Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Шет тілдері" кафедрасы ай сайын "Polyglot"лингво-елтанымдық клубы аясында кездесулер өткізеді.

 

Клуб ағылшын тіліндегі деңгейін жоғарылатып, одан әрі оқып үйренгісі келетін және ағылшын тілін сүйіп оқитын адамдармен бірге уақыт өткізуге дайын студенттерге әрдайым есігіміз ашық. Клуб атмосферасы – бұл қатысушылар өздерінің ағылшын тілін жетік білмейтіндігі туралы алаңдаушылықтарын ұмытып кететін, еркін сөйлесу үшін ыңғайлы алаң. қана қоймай, жаңа достар табады, өйткені барлық қатысушыларды - өз білімін өмірде еркін қолдануды үйрену деген бір мақсат біріктіреді. Оқу жылының басынан бастап онлайн-кездесулер режимінде клубтың 4 отырысы өткізілді. Клуб отырыстарының тақырыптарына келер болсақ, олар әртүрлі. Соңғы кездесулердің бірінде студенттер Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тоқталып, сүйікті өлеңдерінен үзінділер оқыды.

«ШЕТ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ С.А.КЕНЖЕМУРАТОВА

Top