Осы жеңісте біз емін еркін тыныштықта бақытты өмір сүріп жатырмыз.Бұл жеңіс кейбір адамның айтуы бойынша,төбеден дайын күйінде түсе салған сыйлық емес, бір сөзбен айтқандакездейсоқ құбылыс емес.
Ата-бабаларымыз соңғы демі қалғанға дейін болашақ ұрпақ үшін аянбай күресіп,бізге егемендік жолын алып берді. Ғасырлар бойы осы тәуелсіздікті аңсап келген бабаларымыз сол жолда зор құрбандықтарға душар болып,өз тәуелсіздігін жеңіп алды.Міне, тәуелсіздігімізді алған күннен бастап елімізде тіліміз, дініміз қайта өрледі.
Енді осы тәуелсіздік маған не берді деген сұраққа өз жауабымды бергім кеп отыр.Ең біріншіден әрине ата-анам мені бейбітшілік замаңда дүниеге әкелді.Мен тәуелсіздіктің жарқыраған таңында дүниенің есігін ашқаным үшін бақытты ұрпақ екенімді түсіндім. Қазіргі кезде біз жастар не киеміз не болмаса не ішеміз, қайда барамыз деген ойлармен басымызды қатырмаймыз. Себебі, бізге демократиялы қоғамда барлық жағдайлар жасалып отыр. Қазіргі заман, ішкі және сыртқы саясаты, экономикасы, технологиясы мен өркениті дамыған заман.Осы дамыған заманда жастар өзіне берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терең білім алып, өз-өзін жетілдіріп Қазақстаннын қарқынды дамуына өз үлестерін ,еңбектерін қосып отыруы керек. Тәуелсіздікті алғалы бері жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мемлекет болғаннан кейін өзіміздің зандарымыз бен талаптарымыз болуы қажет. Осы тұрғыда өзіміздің ата-заңымыз қабылданып, сол заңға сүйене отыра қоғамдық қиын мәселелерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Мемлекетімізге жетерлік іс тыңдырылды сонымен қатар көптеген жобалар жүзеге асырылып, өз жалғасын табуда. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Балаларға арналған қазақ мектептері мен бала-бақшалар саны көбейді және де жастардың өз шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында түрлі үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары ашылды. Халқымыздың денсаулық жағдайына мән беріп, адамға қажетті өнімдермен қамтамасыз ете бастады. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көркем саясатының арқасында біз көптеген шет елдерге танылып, өзге елдермен қарым қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Барлық саладағы қызметкерлерге, басқа шет елдің түрлі саладағы білікті мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.
Әлем күн сайын өзгеруде. Ендігі кезекте тәуелсіздік бізге не берді дегенін орнына, біз тәуелсіздігімізге не бере аламыз деген сұрақты қойған жөн.Біз жастар еліміздің әрі қарай өркендеуіне, дамуына, болашақта жетістіктеріміз көп болсын десек еріңбей, аянбай тер төгіп жұмыс істеп кішкентай болсын үлесімізді қосу керекпіз. Біз қиыншылығы мол жылдарды артқа тастадық, тәуелсіздігімізді сақтап қалдық, қуатты мемлекетке айналғанымызды дәлелдедік. Қазақстан Еуразия құрлығының төсінде жарқыраған жауhардай. Біздің ендігі мақсат осы жауhaрдай жан-жағына нұр шашып, өзгелерге темір қазықтай бағыт сілтеп тұру ушін талаптану..
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ «МАДЕНИЕ ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫ» МАМАНДЫҒЫН 1 КУРС СТУДЕНТІ АЙНУР ШАМШИДИН