Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы З.А.Заурбекованың ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні «Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жаңғырулар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатына гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар, экономика  факультеттерінің 3 курс студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл. Бұл тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін бүкіл әлемге тәуелсіз мемлекет ретінде жариялап, тарихтың жаңа жолын бастады. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірінде тарихи сананы жаңғыртып қалыптастыру сияқты маңызды жұмыстар, көптеген елеулі іс-шаралар атқарылды. Әсіресе төл тарихымыз бен дәстүр-салтымызды, рухани мұраларымызды жинастыру мен зерделеуде бірталай жетістіктерге қол жеткіздік.

Қазақстанның күш-жігері мен жетістіктерін талдай отырып, Республика стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды таңдады деп нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде көшбасшы мемлекеттер арасында өзіндік орны бар. Еліміз келешекте экономикасы дамыған бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. Мұның бәрі Тәуелсіздікке қол жеткізудің және Қазақстан халқының әрқашан және барлық жағынан үздік болуға деген ұмтылысының арқасында мүмкін болды.

Top